«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алаш» жүйесі мұнай-газ саласындағы жергілікті кәсіпкерлердің үлесін арттыруға көмектеседі

2016 жылғы 27 Сәуір
- Атырау облысы
14155 просмотров

Мұнай-газ операторларындағы тауар мен қызмет көрсету мемлекеттік сатып алуларға жергілікті компаниялардың қатысу процесі біршама жеңілдеді  

Оған енді қызмет көрсетушілердің бірлескен «Алаш» атты желісі көмектеседі.

Атырау Қазақстанның мұнайлы астанасы ретінде аталады. Осы Атырау облысында Қазақстандағы ең ірі үштікке кіретін екі халықаралық мұнай-газ жобалары жүзеге асып жатыр: Теңіз бен Қашаған. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін сөзбен айтып жеткізу қиын. Мысал ретінде тікелей келіп жатқан инвестицияларды, жұмыс орындарының көптеп ашылуын, әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын айтсақ болады. Ең маңызды нәтиженің бірі мультипликативті ықпал, яғни өңірдегі мұнай-газ саласына ілесе бизнестің де дамуы, оның ішінде шағын және орта компаниялардың қанат жаюы, негізгі мұнай-газ операторларының жобасына өз тауарлары мен қызметтерін ұсынуы.

Жергілікті бизнестің дамуы, халықаралық мұнай-газ саласының талаптарына өнім мен қызмет сапасының сай болуы, негізгі тапсырыс беруші мен жеткізіп берушілер арасында тікелей байланысты орнату көп жыл бойы мемлекеттік органдар үшін, мұнай-газ саласы үшін, негізгі тапсырыс берушілер үшін өзекті тақырыпқа айналған еді. Осы мәселелердің тиімді шешімі жеткізіп берушілердің бірлескен «Алаш»  атты желінің іске кірісуі болды.

Бұл жүйені «Алгоритм КЗ» компаниясы Қазақстандағы мұнай-газ саласының операторлары қолдансын деп арнайы дайындады. Жасап шыққандардың айтуынша, «Алаш» секілді ерекше желінің өзгешелігі тауар мен қызмет ұсынушыны тікелей мұнай-газ операторымен байланыстыратын портал болуында. Бұл жүйе бойынша толыққанды ақпаратты «Алгоритм КЗ» компаниясының атқарушы директоры Луиджи Матикаримен сұхбаттан біле аламыз.

– Луиджи Матикари мырза, «Алаш» жүйесін қалай ойлап таптыңыз, онда қандай мағлұматтар қолданылған?

– Қазақстан Үкіметі мұнай-газ саласындағы ірі тапсырыс берушілер алдына жергілікті бизнесті дамыту үшін ашық әрі тиімді қолдауды талап ететін мақсат қойды, сол мақсатты орындау үшін «Алаш» жүйесі пайда болды.

«Алаш» жобасының жүзеге асуы арқасында елдегі мұнай-газ саласының төрт құбыласы түгенделді: 20 жылдан бері мұнай-газ саласында жергілікті кәсіпкерлердің көбеюіне алғышарт жасап, соны талап еткен мемлекет, тапсырыс беруші – ірі мұнай-газ жобалары, білікті жеткізіп берушінің жүйелі таңдауына сенетін мүдделі тарап, жеткізіп беруші – тапсырыс берушіге тікелей ұсыныс айта алатын жақ.

«Алаш» жүйесін құруға елдегі халықаралық ірі мұнай-газ жобалары қатысты: НКОК (Қашаған жобасының операторы), ТШО (Теңіз жобасының операторы), КПО («Қарашығанақ жобасының операторы).

«Алаш» жүйесін осы компаниялар қолданып отыр. Келешекте бұл жүйе шағын және орта деңгейлі кәсіпкерлерге де, ірі халықаралық компанияларға да тікелей жеткізіп берушілерді тіркейтін болады.

«Ноу-хау» мен үш оператордың тәжірибесін біріктіріп, жүйенің сәулетін жасауға және оның ыңғайлы қолданылуы үшін олардың бас біріктіруі маңызды болды, нәтижесінде Алаштың қолдану мағлұматтарын халықаралық стандарттарға сай етіп толыққанды жасақтауға мүмкіндік берді. Оның үстіне «Алаш» мұнай-газ саласының тапсырыс берушілері осы саланың ең бір тұрақсыз кезіне қарамастан, айтарлықтай үлгі бола алды, сондықтан біз жеткізіп беруші компаниялар бұл жобаға салынған салымды лайықты деңгейде бағалайды деген сенімдеміз.

Жүйенің мазмұнына келсек, жеткізіп беруші компаниялар мұнда өз компаниясының мәліметтерін, мүмкіндіктерін, тауар мен қызмет көрсетудің ерекшеліктерін тізіп жазады, онысын тапсырыс берушінің сұранысына, стандартына сай етіп көрсетеді, ал тапсырыс беруші өзіне лайықты жеткізіп берушіні таңдап, алдан ала біліктілігін тексеріп, ары қарай бірлесе жұмыс жасауға, тендерге қатысуға ұсыныс береді.

«Алаш» жоғарыда аты аталған халықаралық мұнай-газ саласының операторларының талап-тілегіне сай жасақталды, ол қазіргі таңда аса маңызды кәсіпкерлік құралға айналып үлгерді, әсіресе тапсырыс берушінің материалды-техникалық сұранысын уақытылы қанағаттандыру үшін үздіксіз жұмыс жасайтын жүйе болып тұр. 

– Луиджи Матикари мырза, «Алаш» жүйесінің жеткізіп берушілерге лайықталған артықшылықтары туралы айтсаңыз.

– «Алаштың» бірлескен онлайн мағлұмат желісінде жеткізіп беруші компаниялар өз мүмкіндіктерін салаланған талаптарға сай ашық көрсетулеріне болады, ол үшін стандартты біліктілікті көрсететін сауалнаманы толтырады.

Жүйеге тіркелу жеткізіп берушілерге алдын ала біліктілікті тексеру, үш мұнай-газ операторы бекіткен ең төменгі талаптарды еңсеріп барып зорына қол созуына жол ашады. Бірегей тіркеу жүйесі жеткізіп берушіге сол мұнай-газ саласының ең ірі үш компаниясына қызмет етуге ғана жол ашып қоймай, өзінің компаниясы туралы да ақпаратты жаңартып, көрсетіп отыруына тұғыр болады.

«Алаш» жүйесі жеткізіп берушіге жеке логин ашып, сол арқылы өз мағлұматтарын қадағалап, жаңартып, бүгінге сай қызметін көрсетіп отыруға мүмкіндік береді. 

Жүйенің ең үлкен ерекшелігі жеткізіп берушінің барлық артықшылығын екшеп, оны тапсырыс берушінің көз алдына әкеп көрсетудегі жеделдігі, соның арқасында тендерге қатысуға мүмкіндік тудырады.

Порталда тіркелген мағлұматтардың бәрі жоғары деңгейлі стандарттар бойынша сақталып қорғалған, жеткізіп берушілердің ақпараты криптографиялық түрде қорғалады, қорғалған серверлерде сақталады, ондай ақпарат тек тіркелген персоналға ғана қолжетімді болмақ.

«Алгоритм» компаниясының қызметкерлері мағлұматтарды қолданудың әр сатысында тегін техникалық қолдау мен көмекке кепіл болады.

Рахмет. Ал, енді оператор-компанияларға тигізер пайдасы туралы айтсақ

– Тапсырыс берушінің негізгі артықшылығы сатып алудың автоматты үдерістері кезінде жеткізіп берушіні іздеу ыңғайлы әрі тиімді, уақытты үнемдейді, жақсысын таңдауға мүмкіндік алады.

Бұл артықшылық жүйенің арқасында жүзеге асады, ондағы жеткізіп берушілер туралы ақпарат интерактивті түрде өзгеріп отырады.

Екінші артықшылық операторлар үшін «Алашта» көрсетілген жеке мағлұматтар олардың стандартына сай келуіне сенімділіктің болуы. Барлық мағлұматтың алдын ала тексерістен, валидация үдерісінен өтуі – қазіргі кезде аса өзекті мәселе. Тіркелген мағлұматтарды енгізетін «Алгоритм КЗ» компаниясы қызметкерлерінің техникалық қолдауы мен үздіксіз қадағалауы арқасында жоғары сапалы ақпарат беріліп отырады.

Операторлар жеткізіп беруші туралы ақпаратты автоматта түрде көрсетіп отыратын Excel файлында тікелей порталдан алып отырады, онда көргісі келген нарыққа қысқаша шолу қосыла беріледі.

Алдын ала біліктілікті  екшеу, автоматтандыру, сапалы мағлұматқа қол жеткізу сияқты артықшылықтан өзге «Алашты» қолданушы тапсырыс беруші компаниялар нақты мақсаттарына жол ашып, ҚР Үкіметі талап еткен жергілікті кәсіпкерліктің операторлар қызметіндегі орнын ұлғайту тапсырмасын орындай алатын болады. 

– Луиджи Матикари мырза, осы жүйені жүзеге асыру мақсатында сіз Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасымен серіктес болдыңыз. Осы жұмыс туралы айтсаңыз.

– Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерін «Алаш» жүйесін қолдануға үйретеміз деген бастамасын көтерді, ары қарай шағын және орта кәсіпкерлер арасында осы жүйе бойынша кеңес беру мен үйрету сияқты ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды. Атырау өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен биылғы наурыз айынан бері «Алаш» жүйесіне жергілікті алты компания тіркелді.

– «Алаш» жүйесінің қызмет көрсету нәтижесі қалай болады деп ойлайсыз?     

 Жеткізіп берушілерден де, тапсырыс берушілер тарапынан да жақсы сөз естіп жатырмыз, бұл қысқа мерзім ішінде «Алаш» жүйесі Қазақстанда кәсіп жүргізгісі келетін компаниялар үшін керекті ақпарат іздеудің нақты таптырмас қайнар бұлағына айналатындығын көрсетеді деп ойлаймын. 

«Алгоритм КЗ» компаниясы Атырау қаласында орналасқан, сол жерден «Алаш» бірлескен жүйесіне қолдау көрсетіп отырады. Алаш туралы өзге де толыққанда ақпаратты мына сайттан ала аласыздар: www.alash-kz.com.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер