«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда Өңірлік кеңес сайлауына қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды

2025 жылғы 08 Қаңтар
- Атырау облысы
873 просмотров

Аудандық және салалық кеңес өкілдерінен барлығы 34 өтініш түсті.

Еске салайық, 2024 жылғы 18 желтоқсан мен 31 желтоқсан арлығында Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес сайлауына қатысуға үміткерлерден өтініштерді қабылдады. Арнайы құрылған өңірлік сайлау комиссиясының мүшелері өтініш беру тәртібінің сақталуын және олардың дұрыс ресімделуін қадағалады. Оның құрамына мәслихат депутаттары, партия өкілдері мен кәсіпкерлер кірді.

«31 желтоқсан сағат 18:00-де өтініштер қабылдау ресми түрде жабылды. Бүгінгі таңда аудандық және салалық кеңес өкілдерінен 34 өтініш келіп түскен. Жалпы, ӨКП жанынан 7 аудандық және 9 салалық кеңес жұмыс істейді. Сайлау тәртібіне сәйкес, келіп түскен барлық өтініштерді өңірлік сайлау комиссиясы қарайды. Одан кейін құжаттарды тексеру және кандидаттардың сәйкестігін бақылау үшін ҰКП Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі, әрі қарай кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылданады. 16 қаңтардан бастап Өңірлік кеңес сайлауына қатысуға бекітілген кандидаттар сайлау алды бағдарламасын жүргізе алады», - деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев. 

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлау бекітілген жоспарға сәйкес 2025 жылдың 27 қаңтар мен 29 қаңтар аралығында өтеді. Ережеге сәйкес делегаттарды сайлау тікелей дауыс беру негізінде жүзеге асырылады. Өңірлік кеңестің жана құрамына 16 мүше кіреді.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер