«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словенияның Сауда-өнеркәсіп палатасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

2025 жылғы 31 Наурыз
2942 просмотров

2025 жылғы 31 наурызда Словения Республикасының Президенті Наташа Пирц-Мусар ханымның Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесуі аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Төрағасы Мұрат Қарымсақов пен Словенияның Сауда-өнеркәсіп палатасының Атқарушы директоры Марьяна Майерич ханым өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.  

Меморандум екі елдің палатасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, шағын және орта бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ Қазақстан мен Словения арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Төрағасы Мұрат Қарымсақовтың айтуынша, палаталар ынтымақтастығы екі елдің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, экономика салалары бойынша ұзақ мерзімді серіктестікке негіз жасайды. Қазақстан мен Словения сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейтуде зор әлеуетке ие, ал аталмыш Меморандум бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы маңызды қадам болып отыр.

Ынтымақтастықты кеңейту және дамыту мақсатында тараптар бұрыннан бар байланысты нығайтып қана қоймай, серіктестікті тереңдетуге ықпал ететін жаңа өзара іс-қимыл механизмдерін әзірлеуді жоспарлауда.

Меморандумның негізгі мақсаты – кәсіпкерлер, өндірістік кәсіпорындар және қаржылық құрылымдар арасындағы тікелей іскерлік байланыстар үшін қолайлы орта қалыптастыру. Тараптар теңдік пен өзара пайда алу принциптеріне негізделген ынтымақтастықты өнеркәсіп, инвестициялар, қаржы, сақтандыру және экономикадағы басқа да маңызды салаларда белсенді түрде жүргізуді жоспарлап отыр.

Меморандумды жүзеге асыру үшін тараптар инвестициялық реттеу, экспорттық мүмкіндіктер және импорттық қажеттіліктер туралы ақпаратпен тұрақты түрде алмасуды, кәсіпкерлерді оқыту, іскерлік кездесулер мен сапарлар ұйымдастыруды, сондай-ақ серіктестікті дамытуға және жаңа мүмкіндіктерді іздеуге ықпал ететін көрмелер, жәрмеңкелер мен конференциялар өткізу бойынша келісімге келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер