«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» Палатасы 11 айда 9 млрд теңгеге жуық 135 бизнес-жоспар әзірледі

2025 жылғы 08 Қаңтар
- Павлодар облысы
623 просмотров

Павлодар облысының ӨКП шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінде 2024 жылдың он бір айында сервистік қолдауды тек облыс орталығында ғана 435 бизнес өкілі пайдаланды. Оларға 440 қызмет көрсетілді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстың үш қала мен он ауданында орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнеске қаржылай емес қолдау көрсетеді. Өткен жылдың алғашқы он бір айында мұнда бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты 167 қызмет көрсетілді.

"Маркетинг мәселелері бойынша бізде 223 қызмет көрсетілді: сегіз миллиард 914 миллион теңге сомасына 135 бизнес-жоспар әзірленді, 505 миллион 335 мың теңгеге 30 жоба қаржыландырылды - 71 жұмыс орны құрылды. Сол кезеңде біздің консультанттарымыз бизнеске қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша 50 қызмет көрсетті", - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

«Атамекен» Палатасының консультанттары қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша халық пен кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз етуде тек Павлодарда ғана емес, сондай-ақ Ақсу, Екібастұз және облыстың барлық он ауданында консультациялық көмек көрсетеді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету құралын 820 бизнес өкілі пайдаланды.  Оларға 7 732 қызмет жоспары бойынша 7 977 қызмет көрсетілді.

2024 жылы республикалық бюджет қаражатының қысқаруына байланысты Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы шеңберінде «Мен кәсіпкер» құралы іске асырылмаған. «Бір ауыл - бір өнім» жобасын қоспағанда. Бұл көрмеге Павлодар маңындағы 24 тауар өндіруші қатысты. Олардың үшеуі финалға шықты: «Эко-Дом Павлодар» ЖШС (Павлодар, ұлттық сүт өнімдері өндірісі («Коржын» сериясы), «V.Sultan» ЖШС (Павлодар, киіз бұйымдары мен  789KZ ЖК (Железин ауданы Кузьмино ауылы, қаз еті өндірісі).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер