«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» Павлодарлық Палатасына  Әділет департаменті тауар таңбаларын тіркеудің тегін сыныптары туралы айтып берді

2024 жылғы 27 Желтоқсан
- Павлодар облысы
590 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы мен әділет департаменті бизнестің зияткерлік меншікті сақтау, қорғау мәселелеріндегі хабардарлығын арттыру мақсатында бейнеконференция байланысы арқылы тауар таңбаларын тіркеу ережелерін түсіндірді.

Бұл үшін ӨКП алаңында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. Павлодар облысы әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Әділ Төкенов тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуі туралы айта келе, тауар таңбасын тіркеуді шешкен кез келген компания осы брендтің қандай тауарлар мен қызметтерге қатысты қолданылатынын анықтап, көрсетуі тиіс екенін атап өтті.

"Халықаралық жіктеу бойынша тауарлар мен қызметтердің 45 класы бар. Бірінші үшеуі бойынша тіркеу өтінім бойынша тегін жүргізіледі. Басқа жағдайларда белгілі бір соманы төлеу қажет болады. Оны тауар таңбаларын тіркеумен айналысатын "Қазпатент" Ұлттық зияткерлік меншік институты анықтайды", - деп атап өтті Әділ Төкенов.

Тауар таңбасын тіркеуге өтінім жеке кабинет арқылы өтініш беру арқылы ресімделеді, деп нақтылады спикер.

"Ол үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба мен интернетке қолжетімділік қажет. Процедура жеті айдан тоғыз айға дейін созылады", - қорытындылады Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер