«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда 12 кәсіпкер әйел өз бизнесін дамытуға көмек алады

2023 жылғы 01 Маусым
- Атырау облысы
16492 просмотров

Бұл қызмет  «Мен кәсіпкер» жобасы аясында Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында көрсетіледі. 

Еске салсақ, биыл Атырауда «Мен кәсіпкер» бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасы басталды. Бағдарлама құралдарының бірі  – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары.  Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ұсынатын қызметтердің қатарында жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруды көздейтін әйел кәсіпкерлерге арналған менторлық бағдарламасы бар.

Осы мақсатта Атырауда тәлімгерлік бағдарламасы үшін тыңдаушылар (менти) іріктеуден өтті. Менти – кәсіпкерлік саласында білімі мен дағдылары бар, бірақ жаңа білім алу және өзін-өзі дамыту, өз бетінше жұмыс істеу және командада жұмыс істеуге дайын болғысы келетін кәсіпкер әйел. Олардың менторлары – кәсіпкерлік қызметті енгізуде табысты тәжірибесі бар, кәсіпкер әйелдерді бизнесте білім мен тәжірибе беру үшін сүйемелдеу қызметтерін көрсете алатын ментор – әйел кәсіпкер.

Атырау облысында ментор Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Алмас Семсер» ЖШС бас директоры Гүлжан Мұхатаева болды. Ол бизнес басшыларының біліктілігіне бағалау жүргізеді және оларды одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар мен жұмыс жоспарын әзірлейді.

«Барлығы 51 өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша 12 әйелдің өтінімі қабылданды. Олардың қатарында жиһаз, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығында бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер. Мысалы, жақында Жанар Әжіғалиева сүйек сорпасын өндіру бойынша бизнес ашты. Қазір бұл өнімдерге сұраныс жоғары. Бизнестің қалыптасу кезеңінде оған сату, өткізу нарықтары және қызметкерлерді ынталандыру туралы білім түрінде көмек қажет. Бұл көмекті біз көрсетуді жоспарлап отырмыз»,– деді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы ӘКДО менеджер-кеңесшісі Гүлнафис Жармұханбетова.

Менти рөліне іріктеу мынадай негізгі критерийлер бойынша жүргізілді: өз бизнесін дамытуға жоғары мотивация, нақты тұжырымдалған міндеттердің болуы, кәсіпкерлік қоғамдастыққа қатысу деңгейі, коммуникация мен өзгерістерге дайындық және т.б. Іріктеуден өткен қатысушылар үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасында бағдарламаға қатысуды түсіндіру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды. 

«Әйелдермен жыл соңына дейін жұмыс істейміз. Жұмыс топтарда да, жеке де жүргізіледі.  Консультациядан бастап бизнестің тұрақтылығы, бизнесті кеңейту, тәуекел–менеджмент және өнімді өткізу нарықтарын кеңейту мәселелерінде сараптамаға дейін, өнім желісі және бизнес-процестерді жетілдіру мәселелерін зерделейміз. Өткен жылы 10 әйел кәсіпкер ментор сүйемелдеуін алды», – деп атап өтті тәлімгер Гүлжан Мұхатаева.

Айта кету керек, Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына бизнесті ашу және дамыту, оқу және кәсіпті ілгерілету мәселелері бойынша кәсіпкерлік бастамасы бар кез келген әйел жүгіне алады.

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 78, 2-қабат мекенжайында орналасқан. Байланыс телефоны: + 7(7122)763-668, (ішкі.2333).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер