«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері 3,5 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетті

2023 жылғы 09 Қаңтар
- Қызылорда облысы
9226 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері сервистік және ақпараттық қызмет көрсетуден республика көлемінде алғашқы үштікте. Өткен жылы олар 2549 азаматқа 8 мыңнан астам кеңес беріп, тоғыз жүзге жуық кәсіпкерге 949 сервистік қызмет көрсеткен.

Қызылорда қаласы мен аудандарда Палата жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына биыл – 9 жыл. Барлық орталықта арнайы кеңесшілер жұмыс істейді.

«Палата кеңесшілері барлық ауданда және қалада кәсіппен айналысуға ниетті жандарға кеңесін айтып, бағыт-бағдар беріп жатыр. 9 жылда 91 мыңнан астам кеңес беріп, кәсіпкерлерге 13,6 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетті. Бұл жердегі сервистік қызмет дегеніміз кәсіпкерлердің бухгалтерлік есептерін тапсыру, бизнес жоспарларын әзірлеп беру, рұқсат құжаттарын алуда сүйемелдеп, келісімшарттарын дайындау тағы да басқалары», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Палата кеңесшілерінің жиі көрсететін қызметі бизнес жоспар жасау. Былтыр кеңесшілер жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын 448 жобаға жоспар әзірлеп берген.

Бизнес өкілдері жүгінетін келесі қызмет түрі – бухгалтерлік, салықтық есептер. Өткен жылы мамандар 186 кәсіпкердің есептерін тапсырды.

Сұранысы жоғары қызметтердің үштігін құқықтық мәселелерге қатысты қызметтер түйіндейді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 153 кәсіпкер құқықтық құжаттарын жасатқан. 

«Қазір жылды қорытып, өзге өңірлердегі әріптестерімізбен көрсеткіштерімізді салыстырып жатырмыз. Кеңесшілердің көрсеткен қызметтерінің көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы республика көлемінде алғашқы үштікте. Сервистік қызмет бойынша Астана қаласынан кейінгі 2-орындамыз, ақпараттық қызмет бойынша 3-орында», – деді Палата басшысы.

Былтыр желтоқсанда «Атамекен» ҰКП барлық өңірдегі кеңесшілерді аттестациядан өткізді. Бұл шарада Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері үздік үштіктер сапынан көрінді.

Қаржылай емес қолдау қызметтерін алғысы келетін кәсіп ашуға ниетті азаматтар мен кәсіпкерлерді Палата кеңесшілеріне жүгінуге шақырамыз. Кәсіпкерлер палатасының барлық ауданда филиалдары бар. Кәсіпкерлер палатасының байланыс нөмірі 8 /7242/ 40-09-81, 40-02-02.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер