«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палата арнайы экономикалық аймақта ШОБ белдеуін құру мәселесін шешуде дәнекерге айналуы керек

2022 жылғы 05 Тамыз
- Атырау облысы
13372 просмотров

Атырауда  «Атамекен» ҰКП жұмыс тобы мүшелерімен кездесу барысында Арнайы экономикалық аймақ басшылығы осындай пікір білдірді. Өңірге сапар барысында топ мүшелері «ҰИМТ» АЭА аумағында болып, осы жерде орналасқан нысандар, атап айтқанда, «Kazakhstan Petrochemical Industries» ЖШС полипропилен өндіру зауытының (KPI) жұмысымен танысты.

Қазіргі кезде Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі аумағында 14 қатысуші тіркелген, соның шінде 2-і – өндірісін жүргізіп жатыр. Оның бірі – «Полимер Продакшн» полимер өнімін өндіретін кәсіпорын және сығылған ауа мен азот өндіретін «Эр Ликид Қарабатан Тех газы» ЖШС. Тағы екі жоба: «КРІ» ЖШС интеграцияланған газ-химиялық кешен зәкірлі жобасыжәне арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым объектілерін салу жөніндегі жоба. 

«ҰИМТ» АЭА басқарма төрағасы Гавит Куркимоварнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым объектілерін салу жөніндегі жобаға тоқталып,  өндірістік қуаттылығы 15 мың тоннаны құрайтын су дайындау объектісіне назар аударды. АЭА басшылығының айтуынша, бұл бірегей кәсіпорын, онда процесс су сыртқа төгілмей жүреді, барлығы қайта өңделеді, яғни өндіріс экологиялық таза.

Қалған 10 жоба жобалау кезеңінде дайындалып жатыр. Бұл химия және мұнай-химия өнімдерін шығару бойынша өндірістер, олардың ішінде бутадиен өндіру, полиэтилен өндіру және полиэтилентерефталат және терефтал қышқылы өндірісі бойынша «зәкірлі» жобалар. 

Полипропилен өндіретін «Kazakhstan Petrochemical Industries» (KPI) ЖШС зауытының өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды. Шығарылатын өнімнің отандық нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету көзделеді, ал артығы экспортқа жіберілетін болады. Негізгі экспорттық бағыт – Қытай, Түркия. Өндіріске арналған шикізат – Теңіз кен орнынан алынған пропан, ол мұнда темір жол арқылы жеткізілетін болады. Бұл тәулігіне 70 вагон, осылайша зауыттың тәуліктік өнімділігін қамтамасыз етеді. Бүгінде пропанның алғашқы сынақ партиясы қабылданды.

«Зауыт өндіретін өнім ассортименті 64 марканы құрайтын болады. Осының базасында ШОБ-ты дамыту қажет. Алаң ірі тонналы өндірістерге арналғанына қарамастан, біз мұнда шағын өндірістерге арналған 10 алаң ұсынып, ШОБ белдеуін құруды көздеп отырмыз. Алайда, бұл үшін инфрақұрылымды толық жеткізу қажет. Осы бағытта проблема туындайды. АЭА жеке орган ретінде тиімді жұмыс істеуі үшін арнайы құқықтық режим, жобаларды бекітудің оңайлатылған рәсімі қажет. Инфрақұрылымды жеткізу үшін техникалық экономикалық негіздемені өзгерту керек. Болжам бойынша оған 2-3 жыл қажет болады. Бізде күтетін уақыт жоқ. Бізде дайын өнім бар, оның негізінде жаңа өндірістер құру қажет», – деп атап өтті «ҰИМТ» АЭА басқарма төрағасы Гавит Куркимов.

Спикердің айтуынша, АЭА аумағында интеграцияның болмауы – үлкен мәселе. Кез-келген қызметтің бірыңғай жеткізушілерін таңдау мүмкін емес. Өйткені мұнда орналасқан компаниялар әртүрлі сатып алу рәсімдеріне ие. Мұның бәрі өндірістік процесті айтарлықтай тежейді, деп санайды АЭА басшылығы.

«Осыған байланысты «Атамекен» ҰКП арнайы экономикалық аймақта ШОБ белдеуін құру мәселесін шешуде дәнекерге айналуы керек. Бұл тиімді диалог алаңы, онда біз өзіміздің түйткіліміз туралы айта аламыз, шешім жолдарын ұсынамыз және оларды Үкіметтің қарауына шығарамыз. Бюрократиялық кідірістер көп, олар шешімді талап етеді», – деп атап өтті Гавит Куркимов.

«Атамекен» ҰКП жұмыс тобының мүшелері Атыраудағы арнайы экономикалық аймақтың өндірістік әлеуетіне жоғары баға беріп, осы алаңда айтылған мәселелерді жұмысқа алуға уәде берді.

«Сапарымыздың мақсаты – АЭА аумағында орналасқан объектілердің, атап айтқанда полипропилен зауыты жұмысымен танысу. Бұл бүкіл Орта Азияда теңдесі жоқ бірегей кәсіпорын. Біз локализация тұрғысынан үлкен әлеует барын көрдік. АЭА басшылығы проблемалық мәселелер туралы айтты. Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныс бар. Олар «Атамекен» ҰКП Мұнай-газ секторы комитетінің шеңберінде жұмысқа қабылданатын болады. Сонымен қатар, бар мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының белсенді позициясы қажет», – деп түйіндеді «Атамекен» ҰКП аппарат басшысы –басқарма мүшесі Бауыржан Оразғалиев.

Жұмыс тобының мүшелері өңірге сапары барысында облыс басшылығымен және Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесімен кездесуді жоспарлап отыр.
 

Анықтама
Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» ерекше экономикалық аймағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес құрылды. Оның негізгі мақсаты – көмірсутек шикізатын терең өңдеу және қосылған құны жоғары кең бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша әлемдік деңгейдегі мұнай-химия зауыттарын құру және дамыту бойынша серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру. АЭА аумағында химия өнеркәсібі өнімдері, , мұнай-химия өнімдерін өндіру, АЭА шеңберінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру, сондай-ақ көп салалы аурухананы салу және пайдалануға берумен айналысатын объектілердің қызметін іске қосу көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер