«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атыраудағы бизнес: арнайы экономикалық аймақ кәсіпкерлікті дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады

2021 жылғы 13 Желтоқсан
- Атырау облысы
16614 просмотров

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес субъектілері туралы материалдар легін жариялауды жалғастырды. Арнайы экономикалық аймақ қызметі өңірдің экономикасы мен кәсіпкерлері үшін қандай мүмкіндіктер ашатыны туралы бүгінгі материалдан оқыңыз.

 Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» ерекше экономикалық аймағы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес құрылды. Аймақтың негізгі мақсаты – көмірсутек шикізатын терең өңдеу және қосылған құны жоғары кең бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша әлемдік деңгейдегі мұнай-химия зауыттарын құру және дамыту бойынша серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру. Арнайы эконмикалық аймақтың аумағында химия өнеркәсібі өнімдері, мұнай-химия өнімдерін өндіру, аймақ шеңберінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру, сондай-ақ көпсалалы аурухананы салу және пайдалануға берумен айналысатын объектілердің қызметі қарастырылған.

 «Арнайы экономикалық аймақтың негізгі артықшылығы – қатысушыларға салық және кедендік жеңілдіктер көрсетіледі. Атап айтқанда, бас салығы және ҚҚС, корпоративті табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы бойынша нөлдік ставка қолданылады. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тартуда оңайлатылған процедура қарастырылған. Қолданыстағы жеңілідктерден бөлек, жаңа қатысушыларға пайдалану төлемінен босатылған жер учаскелері бөлінеді. Олар электр, су, газбен жабдықтау сынды негізгі энергия ресурстарымен қамтамасыз етіледі», – деді «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Гавит Куркимов.

 Бүгінде арнайы экономикалық аймақта 13 қатысушы тіркелген, оның ішінде 2 жоба пайдалануға берілген. Олар «Полимер Продакшн» полимер өнімін өндіретін кәсіпорын және  «Эр Ликид Карабатан тех газы» ЖШС сығылған ауа мен азот өндіретін қондырғы. Тағы екі жоба құрылыс сатысында: «зәкірлі» жоба – «КРІ» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешені және «KUS» ЖШС арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымының объектілерін салу жобасы. Химиялық, мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша 9 жоба жобалау сатысында тұр, олардың ішінде бутадиен өндіру, полиэтилен өндіру және полиэтилентерефталат пен терефтал қышқылын өндіру жөніндегі жобалар «зәкірлік» бағытта.

АЭА жетекшісінің айтуынша,  Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінің қызметі жалпы өңірдің экономикасына оң әсер етеді. Басымдықтар қатарында: өңірге тікелей шетелдік инвестициялар, жеке инвестициялар, озық технологияларды тарту, жаңа өндірістерді құру, жоғары білікті персонал үшін жұмыс орындарын құру, экспорттық базаны дамыту және импортты алмастыру жұмыстары бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер