«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда «Атамекен-Атырау бизнес қолдау» МҚҰ арқылы алғашқы несиелер берілді

2021 жылғы 20 Қазан
- Атырау облысы
12863 просмотров

 Микроқаржы ұйымына тұрғындардан несие алуға жалпы сомасы 648 млн теңгені құрайтын 67 өтінім келіп түскен.  Соның ішінде 42,4 млн теңге көлемінде 3 кәсіпкерге несие бөлінді.

 «Бастау Бизнес» түлегі Меруерт Құрманғалиева отбасылық бизнесті жүргізеді. Жолдасымен бірге 2014 жылы олар ракушеблок өндірісімен айналысады. Былтырдан бері олар асстортиментті кеңейтіп, енді қиыршық тас пен құм қиыршықтас қоспасын да сатылымға қойды.

«Атамекен-Атырау бизнес қолдау» микроқаржы ұйымы «Бастау Бизнес» жобасының түлектеріне жылдық 6%-бен несие ұсынатынын білген соң, біз айналым қаражатын толықтыру үшін 8,5 млн теңге мөлшерінде қарыз аламыз деп шештік. Қаржыландырудың тиімді шарттары мен кредиттік демалыстардың мүмкіндігін атап өткім келеді. Бізден бірнеше құжаттар мен кепілдік мүлік талап етілді. Микроқаржы ұйымының менеджерлері бізді қызықтыратын барлық мәселелер бойынша кеңес берді. Біз өз қаражатымызды алдық», – деді «Sezim» ЖК басшысы Меруерт Құрманғалиева.

15 млн теңге көлемінде екінші несиені Жылыой ауданының тұрғыны Назгүл Төреханова алды. Осы қаражатқа «Таңатар» жеке кәсіпкерлігінің басшысы жалға беруге техника сатып алмақ.

 «Қазіргі кезде МҚҰ-да жалпы сомасы 648 млн теңгеге 67 өтінім бар. Келіп түскен өтінім саны бойынша Жылыой ауданы көш бастап тұр – жалпы сомасы 225 млн теңгеге 20 өтінім. Екінші орында Атырау қаласы – жалпы сомасы 239 млн теңгеге 15 өтінім. Егер нысаналы мақсатты қарастыратын болсақ, онда негізінен кәсіпкерлер арнайы техника сатып алу, қызмет көрсету және сауда саласындағы объектілерді ашу немесе айналым қаражатын толықтыру, ауыл шаруашылығындағы жобаларды іске асыруға несие алғысы келеді. Алдағы күндері қосымша қаржы бөлінеді», – деді «Атамекен-Атырау бизнес қолдау» МҚҰ директоры Мұрат Мұстажапов.

 МҚҰ арқылы несие алған кезекті клиент – Жылыой ауданының тұрғыны. 18,9 млн теңге көлеміндегі қаражат «Дамфа» жеке кәсіпкерлігінің шотына аударылды. Кәсіпкер Ақмарал Кенжикова осы қаражатқа сауна құрылысын аяқтауды жоспарлаған.

 Еске салайық, «Атамекен-Атырау бизнес қолдау» МҚҰ несиелерді «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-жобаларын сәтті қорғап шыққан түлектеріне кез келген бизнес түрін дамытуға бөледі. Несиелеу мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы саласында – 7 жыл.

 Осы ретте МҚҰ жеке тұрғын үй салуға жер учаскесін алу және жылжымайтын мүлік сатып алу, несиелік қаражатты қайта қаржыландыру, қолданыстағы несиелерді жабуға, сондай-ақ тұтынушылық мақсаттарға несие бөлмейді.

 Несие алуға өтінімді рәсімдеу үшін облыс орталығының тұрғындары Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 78, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесі мекенжайы бойынша орналасқан «Атамекен – Атырау бизнес қолдау» МҚҰ-ға, ал ауылдық жерлердің тұрғындары – тұрғылықты жері бойынша Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына жүгіне алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер