«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда жол бойында «қабылдау бөлімі» ашылды

2021 жылғы 08 Қазан
- Атырау облысы
10106 просмотров

Атырауда жүк тасымалдаушыларға арналған түсіндіру акциясы өтті. Жыл басынан жүкті тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа 1700 адам тартылды,  жалпы сомасы 51 млн теңгеге айыппұлдар тағайындалды.

 Осындай бұзушылықтарды алдын алу үшін көлік бақылау инспекциясы «Жол бойындағы қабылдау бөлімі» акциясын ұйымдастырды. Іс-шараға Атырау облысының көлік прокуратурсы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалы және полиция департаментінің өкілдері қатысты.

 Акция барысында жүк көліктерінің жүргізушілеріне жүкті тасымалдаудың негізгі ережелері түсіндірілді және тексеруші тұлғалар тарапынан олардың құқықтары бұзылған жағдайда жүк тасымалдаушылар тәулік бойы жүгіне алатын мобильді топтың байланыс деректері бар визиткалар табыс етілді. Мамандардың айтуынша, тәртіп бұзу көбінесе қолданыстағы ережелер мен талаптарды білмеу себебінен орын алады, сондықтан мұндай акциялар бизнес субъектілері өз құқықтарын білу және қажет болған жағдайда құзыретті тұлғаларға жүгінуі үшін тұрақты негізде өткізілетін болады.

«Атырау көлік прокуратурасы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы  және Nur Otan партиясының бірлесуімен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде мобильді топ құрылды. Топтың негізгі міндеті – көлік саласындағы бизнестің құқығы мен мүддесін сақтауға бақылау жүргізу. Жыл басынан мобильді топ көмегіне 13 кәсіпкер жүгінген. Соның ішінде «CEG CentralAsia» ЖШС және «CRUZ Logistics» ЖШС компанияларына қатысты екі жағдайда прокурорлық араласу нәтижелері бойынша Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан кәсіпкерлерге заңсыз салынған әкімшілік айыппұлдар алынып тасталды. Үш лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қалған жағдайларда кәсіпкерлерге консультативтік-құқықтық көмек көрсетілдій, – деп атап өтті Атырау көлік прокурорының орынбасары Саят Сейітжан.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер