«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда іскер әйелдер қайырымдылық жобасын қолдады

2021 жылғы 29 Маусым
- Атырау облысы
12284 просмотров

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі Bilim for all жобасымен бірлесіп, көпбалалы аналарға арнап мотивациялық бизнес-таңғы ас ұйымдастырды.

 Замануи әйел – шаңырақ шырақшысы ғана емес, бүгінде жұмысын, отбасын және қоғамдық қызметін сәтті үйлестіріп отырған адам. Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған бизнес-таңғы ас осындай ұранмен өтті, оған спикерлер ретінде  облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Қазақстан әйелдер күштері альянсының өңірлік филиалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері және кәсіпкер әйелдер шақырылды. Өз сөзінде спикерлер халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдерді қолдау шаралары туралы айтып, бизнес құру бойынша тәжірибесімен бөлісті және әйелдерді мақсат қою және оған белсенді қол жеткізуге шақырды.

 «Осы жылдың сәуір айынан бастап Атырауда Consolidated Contractors Company компаниясының демеушілік қолдауымен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Bilim for all жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – халықытң осал тобына жататын әйелдерді кәсіпкердікке баулу, жаңа мамандықтарға оқыту, табыстың қосымша көздерін табу жолдарын көрсету. Өз кезегінде Атырау облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесі осы жобаны қолдап, көпбалалы аналарға арналған кездесулер сериясын ұйымдастырды.  Біздің бірлескен жұмысымыз әйелдерге өз әлеуетін ашуға және хоббиін табысты бизнеске айналдыруға көмектеседі деп үміттенеміз», – деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаева.

 Айта кету керек, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын аналар, оның ішінде көпбалалы аналар, ерекше балалардың аналары, сондай-ақ мүгедектігі бар әйелдер Bilim for all жобасы аясында 5 түрлі кәсіпті: шаштараз, аспаз, визажист, тігін ісі, SMM-мамандығын игере алады.  

 «Біздің жобамыз халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын аналарды кәсіпкерлікке баулу, жаңа мамандықтарға оқыту, қосымша табыс көздерімен таныстыруға бағытталған. Жобаға деген қызығушылық 800-ден астам өтінім түскен кезде байқалды. Қазіргі уақытта қатысушыларды оқыту науқаны жүріп жатыр. Қазір біздің міндетіміз –  жаңа мамандықтың қосымша табыс көзіне айналуы. Осыған байланысты, іскер әйелдер кеңесінің жобаны іске асыруға жәрдемдесуі біз үшін өте маңызды болып отыр», – деді жоба жетекшісі Айгерім Досқалиева.

Bilim for all жаз аяғына дейін жалғасады. Курс аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар табысталады. Қыз-келіншектерге Атырау облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінде консультациялық көмек көрсетіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер