«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде жаңа басшы

2021 жылғы 21 Мамыр
- Атырау облысы
13603 просмотров

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне «ПЦН Кузет» ЖШС бас директоры Гүлмира Жұмағалиева төрайым болып сайланды.

 Оның кандидатурасы Өңірлік кеңес мүшелерінің ортақ шешімімен мақұлданды. Бұған дейін Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Әділ Жұбанов өз өтініші бойынша қызметінен кетті.

 Гүлмира Жұмағалиева Атырау облысының туамасы, 1972 жылдың 9 ақпанында дүниеге келген. «Психология», «Экономика», «Заңгерлік», «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» мамандықтары бойынша жоғары білімге ие. 2000 жылдан бастап күзет қызметінде жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

 Қазіргі таңда «ПЦН КУЗЕТ» ЖШС құрылтайшысы, бас директоры, «Атырау қаласының күзет ұйымдары» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, «Қауіпсіздіктің кешенді жүйелер» ЖШС қаржылық кеңесшісі болып қызмет атқарады. Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталған.

«Мен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелеріне маған көрсетілген сенім үшін алғыс айтқым келеді. Мен бірнеше жылдан бері Өңірлік кеңес, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі ретінде «Атамекен» ҰКП жүйесінде қызмет атқарып келемін. Мен Әлия Бекқожиева, Нұрлы Айтиева, Әділ Жұбанов сияқты тәжірибелі тәлімгерлердің қасында болдым, олардан көп нәрсе үйрендім. Өзіме артылған сенімді ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын деп уәде беремін», – деді Гүлмира Жұмагалиева өз сөзінде.

 Өңірлік кеңес мүшелері мен Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының дирекциясы Өңірлік кеңестің бұрынғы төрағасы Әділ Жұбановқа атқарылған жұмысы үшін ризашылықтарын білдіріп, жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер