«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда пандемия салдары бизнестің 60 пайызына кедергі келтірді

2020 жылғы 14 Желтоқсан
- Атырау облысы
8634 просмотров

Мұндай ақпаратты Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Өңірлік кеңестің отырысында айтты. Жиынға өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты

Пандемияның бизнеске әсерін анықтау мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы зардап шеккен салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізді. Қоғамдық тамақтану, білім беру, сауда, туризм, қызмет көрсету, ойын-сауық нысандары сынды қызмет түрлері зерттелді, барлығы 645 кәсіпкерлік субъектісі қатысты.  

«Сауалнама қорытындысы келесідей: сауалнамаға қатысушылардың 61%-ында қаржылық жағдай нашарлап, әлі де реттелмеген. Респонденттердің 34%-ы – қаржылық жағдайы мүшкіл екенін айтты, респонденттердің небәрі 5%-ы пандемия олардың қызметіне әсер етпегенін айтты. ТЖ кезеңінде сауалнамаға қатысқан кәсіпорындар ақысыз демалысқа 2 239 жұмыскерді жіберген, 1209 жұмыскер қысқарып қалған», – деді Өңірлік палата басшысы.

Абдолла Идресовтың айтуынша, елдегі төтенше жағдай жарияланғаннан бері өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субъектілерінен 600-ден астам өтініш түскен. Негізінен кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктер, қаржылық қолдау шаралары, форс-мажорлық жағдайларды тану, жалдау төлемдері мен коммуналдық төлемдерін кейінге шегеру, карантиндік кезең ішінде жүріп-тұруды шектемеу туралы өтініш білдірді.

 «Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бастап Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасында бизнес субъектілерін қолдау бойынша ауқымынды жұмыс жүргізілді. Коммуналдық төлемдер бойныша 117 нысанға 86 млн теңгеге кейінге шегерім берілді. Жұмыс тобы шеңберінде карантин кезеңіне жалдау төлемдерін босату немесе кейінге қалдыру мәселесі бойынша ірі сауда орталықтары мен базарларының басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша «Өнерпаз», «Дина», «Насиха», «Көктем» сауда үйлері, «Тамаша» және «Байзар»  сауда және ойын-сауық орталықтары карантиндік мерзімге жалдау ақысының күшін жою туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ӨКП сарапшылары кәсіпкерлерден Қазақстанның сыртқы сауда палатасына келіп түскен форс-мажорлық жағдайлардың туындағаны туралы куәліктер беру туралы өтініштерге сараптама жүргізді. Жалпы бүгінгі күнге дейін 200 өтініш келіп түсті, оның 170-і сертификат алды. Палата бастамасымен карантин кезеңінде кәсіпкерліктің рұқсат етілген түрлерінің көлік құралдарының қозғалысы үшін atyrau.infokazakhstan.kz веб-сайты әзірленіп, іске қосылды. Ары қарай оңтайлы infokazakhstan.kz поратыл енгізілді, осылайша кәсіпкерлер жұмыстарын қайта бастай алды», – деді Абдолла Идресов.

2020 жылы бизнесті қорғау бағытында Өңірлік палатаға 131 кәсіпкер өтінім жасады. Соның ішінде 63 түйткілді мәселе оң шешілді.

 Сервистік қолдау шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің 1141 кәсіпкерге суббектісіне  5 қызмет түрі бойынша 1195 қызмет көрсетілді. Аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында 1477 ауыл тұрғынына мемлекеттік бағдарламалар бойынша 3300-ден астам кеңес берілді. «Атамекен» ҰКП жүзеге асырған оқыту жобаларына барлығы 760-тан астам адам қамтылды.

 Биыл «Бастау» жобасымен 1000 адам оқып шықты. 617, млн теңгеге 525 тыңдаушы қаржыландырылды, соның ішінде 88 қатысушы 442,7 млн теңгеге микро несие алды. 437 қатысушы 242,2 млн теңгеге  200 АЕК көлемінде грант алды.

Атырау облысында «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Жобалық кеңсенің жұмысында жалпы құны 33,4 миллиард теңгені құрайтын 105 жоба жұмысқ алынған. Оның ішінде жалпы құны 8,4 миллиард теңгені құрайтын 41 жоба мақұлданды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижелерінен басқа, Кәсіпкерлер палатасының директоры өңір басшылығына жергілікті бизнестің өңірде индустриалды аймақ құру қажеттілігі туралы ұсынысын жариялады. Қазіргі уақытта бұл Атырауда жоқ. ал бірқатар өңірде 6 немесе одан да көп индустриялық аймақ бар.

 Ауыл шаруашылығын дамытуда өңірлік аграрлық аймақ құру ұсынылды. Қазіргі кезде Махамбет және Индер аудандарында осы мақсатқа жер телімдері қарастырылған, енді қаржыландыру мәселесін шешу ғана қалды.

 Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов аталған бастамаларды қолдады және Палатадан жобаларды іске асыруға қажетті егжей-тегжейлі жоспарды таныстыруды тапсырды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер