«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырау кәсіпкерлері өңірді қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде көмек көрсетеді

2020 жылғы 06 Шілде
- Атырау облысы
6441 просмотров

Өңірде белгілі кәсіпкер Махмұд Мералиевтің қайырымдылық көмек көрсету бастамасы жергілікті бизнес өкілдері тарапынан белсенді қолдау тапты

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасында бүгін zoom-конференциясы режимінде жиын өтіп, онда қатысушылар ұйымдастыру мәслелерін талқылады. Бизнес өкілдерінен бөлек, конференцияға облыстық әкімдік және денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатысты. 


«Өңірдің бизнес-қоғамдастығы  халық қажеттілігіне бағытталған әлеуметтік жобаларға белсенді атсалысады. Қазіргі таңда кәсіпкерлер қажетті дәрі-дәрмек сатып алуға қаржы жинауды ұйымдастыруға ынта танытты. Сатып алынған дәрі-дәрмек облыстың емдеу мекемелеріне беріледі. Бұл акцияға қалалар мен аудандардағы барлық кәсіпкерлер қатыса алады", - деп атап өтті Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов.

Zoom-конференциясы барысында жұмыс тобы құрылды, оған бизнес, облыстық әкімдік, денсаулық сақтау басқармасы, қоғамдық бірлестіктер, Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты. Жұмыс тобына өңірде танымал кәсіпкерлер Айбар Жаниязов және Талғат Бекенов жетекшілік етті. Қаражатты жинау "Сана" қайырымдылық қоры арқылы іске асырылады. Қажетті дәрі-дәрмек тізімін облыстық денсаулық сақтау басқармасы береді.

"Елмен біргеміз" қайырымдылық акциясына қатысамын деушілер жұмыс тобы жетекшілеріне немесе Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер