«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырау облысында кәсіпкер әйелдерге арналған тегін шеберлік сабағы өтеді

2020 жылғы 07 Ақпан
- Атырау облысы
6373 просмотров

Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылған «Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тегін шеберлік сабағы 13-14 ақпан аралығында Атырау облысында өтеді

Іс-шараның мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және ауыл әйелдерінің экономикалық әлеуетін дамыту.

Семинар шеңберінде ауыл қыз-келіншектері халықаралық ұйымдар, даму институттары, әлеуметтік инвесторлармен бірге В2В форматында келіссөздер жүргізіп, оқу семинарларында кездесе алады.

Талқылау мен пікір алмасудың негізгі тақырыптары: ауылдағы әйелдердің әлеуметтік мәселелерін шешу, шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдары, бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ауылда бизнес бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін халықаралық ұйымдардың гранттық бағдарламалары болмақ.

Қатысушыларды бизнес негіздері және қаржыландыруға қолжетімділік: бастапқы капиталды қайдан табуға болады, банктен грант немесе несиені қалай алуға болады, жеке кәсіпті дамытып, өткізу нарықтарын жолға қоюға болатыны жайында пайдалы тренингтер күтеді.

Қатысушылар бизнес-жоспарды құру, әлеуетті клиенттерді табу, жарнаманы құру және бизнесті интернет арқылы алға жылжыту дағдыларын үйренеді.

Мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Құлманов көшесі № 111Б, «Белуга» қонақ үйі

Семинарға Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 78 Өңірлік кәсіпкерлер палатасында жазылуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер