«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтар тігін цехы мен багет шеберханасын ашуға ниетті 

2019 жылғы 04 Қыркүйек
- Алматы қаласы
8218 просмотров

Ержан Мұхамадиев «Сенім» қоғамдық ұйымының жетекшісі, бұл бүйрегі ауыстырылған мүгедектерді және гемодиализдегі науқастарды біріктіруші ұйым. Ержан Мұхамадиев  оңтүстік астанада әлеуметтік бизнес-жобаны әзірледі.

«Біздің ер азаматтар мен әйелдер үшін жұмыс істейтін багет шеберханасы мен тігін цехын іске қосқымыз келеді. Бағандарға сұраныс бар, цехты ақжаймадан, перделерден, мүмкін арнайы киімдерді әзірлеуден бастаймыз. Бізде қыз-келіншектердің кейбірі қазірдің өзінде тігін тігуді оқыған, қазір үйлерінде тігу жұмыстарымен айналысуда. I және II топтағы мүгедектер жұмыс істейтіндіктен, оларға денсаулықты сақтау үшін арнайы медбикені бекітеміз», – деп «Сенім» гемодиализіндегі пациенттер мен бүйрегі ауыстырылған мүгедектер республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ержан Мұхамадиев әңгімеледі.

Оның айтуынша, бүгінде қажетті жабдықтардың жартысы сатып алынған, қазіргі уақытта шамамен 10 тігін машинасын сатып алу керек.

Әлеуметтік жоба қолдауды қажет етеді – цех пен шеберханалар үшін ұйымда үй-жай жоқ, сондықтан «Сенім» басшысы Алматы кәсіпкерлеріне оларға жеңілдік шарттарымен 100-ге жуық шаршы метр бөлуді сұрайды.

Ержан Мұхамадиев 9 қыркүйекте Алматыда басталатын «Бастау» жобасының кәсіпкерлік негіздерін оқытудың жаңа легін жазып алды. Жобаның қатысушысы ретінде жас ерекшеліктеріне қарамастан ашуға немесе кеңейтуге ниет білдірген әрбір адам бола алады. Сонымен қатар, жоба түлектері ең тиімді шарттарда гранттар мен микрокредиттер түрінде бастапқы капиталға үміткер бола алады.

«Сенім» бірлестігінің төрағасы грант ұтып алып, тігін жабдықтарын сатып алуға үміттенуде, өйткені ғимаратты жалға алу үшін гранттық қаражат жұмсалмайды.

Қоғамдық бірлестік 11 жыл бойы жұмыс істеп келеді және оның жетекшісі бизнес ашуды – жақсы идея, оның үстіне бүгінде бұл үшін барлық жағдай жасалған дейді.

Ескерту ретінде, әлеуметтік жобаға қолдау көрсетуге дайын кәсіпкерлер үшін Ержан Мұхамадиевтің телефон нөмірін жариялаймыз: +7 701 577 7021.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер