«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

15 маусым күні Атырауда өңірдің үздік тауарлары анықталады

2019 жылғы 10 Маусым
- Атырау облысы
5754 просмотров

Биыл үш аталым бойынша үздік кәсіпкер атануға өңірде 50-ге жуық тауар өндіруші қатысады

Байқау Атырау қаласындағы көрме орталығы аумағында өтеді. Іс-шараны облыс әкімдігінің қолдауымен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырады. Қатысушылар арасында – тәжірибесі мол ірі тауар өндірушілермен қоса, кәсіпті жаңа бастаса да халық арасында шығарған өнімі сұранысқа ие болған кәсіпорындар да бар.

 «Жыл сайын байқауға қатысушы компаниялар саны артып келеді. Тауар өндірушілер шығарылатын өнімнің бай ассортиментін ұсынуда. Бұл құрылыс материалдары, азық-түлік, жеңіл өнеркәсібінің тауарлары және басқа да тауарлар. Қатысушылар арасында жеке кәсіпкерлер де бар, олар ұсынған өнім түрлері ірі кәсіпорындар тауарларынан еш кем түспейді», – деп атап өтті Атырау облысы ӨКП бөлімінің жетекшісі Толқын Тілемісова.

 Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары «Қазақстан үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы кезінде өңірдің үздік компанияларымен танысып қана қоймай, сондай-ақ өндірушілер ұсынған тауарларды арзан бағамен сатып ала алады. Қатысушылар мен қонақтарға арнап концерттік бағдарлама өткізіледі.

 Аталған іс-шара барысында бизнес субъектілеріне арнап: «Экспортаушылар және тауар өндірушілерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары» атты семинар өтеді. Онда   экспорттаушыларға арналғна сервистік көмек, отандық тауар өндірушілерге берілетін индустриялық сертификаттың артықшылықтары, оны қалай алуға болатыны туралы құнды ақпарат беріледі.

 Естеріңізге салсақ, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелеріне тиісті өзгертулер енгізді. Жиһаз және жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары мемлекеттік сатып алуларға индустриялық сертификатпен ғана қатыса алады. Өзгерістер 1 шілдеден бастап күшіне енеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер