«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» супермаркеттерде қазақстандық тауарлардың басым болуына күш салуда

2019 жылғы 31 Мамыр
- Алматы қаласы
4220 просмотров

Алматыда алғаш рет жергілікті жеткізушілер мен өндірушілерге арналған оқу семинары өтті

Алматыда «Атамекен» ҚР ҰКП мен METRO Cash & Carry сауда орталығының жергілікті жеткізушілер мен өндірушілеріне арналған алғашқы мектебі ашылды. Оқыту семинары барысында Алматы және Алматы облысының 50-ге жуық отандық тауар өндірушілеріне, сауда желісінің серіктестігі болу, халықаралық талаптар мен сапа стандарттарына қалай сәйкес келу керектігі, халықаралық нарыққа қалай шығу жолдары туралы мәлеметтері берілді.  

Мектептің негізгі міндеті қазақстандық өндірушілерге бәсекеге қабілетті болуға көмектесу, сауда сөрелерінде отандық өнімдердің барынша қатысуын қамтамасыз ету.

«Біз отандық тауар өндірушілердің мәселелерін, өнімдерін ілгерілетуде не жетіспейтіндігін білу үшін талдау жұмыстарын жүргіздік. Үлкен талдау жұмыстары жүргізілді, қорытындының шешімі бойынша отандық тауар өндірушілердің басты мәселелері «белгісіз қабілетсіздік», яғни бұл өндірушілер мен фермерлер өздеріне не істеу керектігін білмейтіндігі туралы. Олар үздіксіз желіде жүреді, алайда  оларға «стандарттар қажет» дегенде, олардың көпшілігі таралып кетіп жатыр. Яғни, өздеріне қажетті сертификаттарын, сәйкестік құжаттарын, рұқсат етілген анықтамаларын жинағысы келмейді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда департаменті директорының орынбасары Әсет Айтбаев.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерді оқыту керек деген шешім жасалды.  Әрине, барлығын қамту мүмкін емес, бірақ негізгі бөлігі құзыретті болса, басқалары да тартылады деген ой бар. Қайда өтеді? Қалай үйретуге болады? Кім оқытады?

«Метро» – осындай семинарды ұйымдастырған алғашқы компания. Біз шараға тауар өндірушілер мен жеткізушілерді шақырдық. Бүгінгі семинардың қорытындысы бойынша оларға бұл ақпарат қажет пе, ол пайдалы болды ма деген қорытынды жұмыстары жасалатын болады, содан кейін ғана бұл тәжірибені өңірлерде ауқымдайтын боламыз. Мүмкін, мектеп форматы басқаша болуы мүмкін, біз бұл жобаны «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнес-мектеп базасында енгіземіз. Біз супермаркеттерге отандық тауар өндірушілерді қабылдауды күшейту үшін әкімшілік жолмен бара алмадық. Біз бизнеске, бизнестік көзқараспен диалог арқылы байланысқа бардық. Эволюциялық жолмен жүру керек. Біз бұл ең дұрыс шешім екеніне сеніміміз мол», – деп «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда департаменті директорының орынбасары Әсет Айтбаев жергілікті жеткізушілер мен өндірушілерге арналған мектеп құру идеясы туралы айтты.

         Семинар барысында METRO Cash & Carry сарапшылары жеткізушілерге қойылатын ерекше талаптары туралы айтып өтті.  

«Біз үшін барлық халықаралық талаптар мен сапа стандарттарын сақтау өте маңызды. Біздің міндетіміз өнімді жеткізуден, қабылдаудан, сақтаудан бастап және сатуға дейін жұмыстың барлық кезеңдерінде сапаны қамтамасыз ету. Есесіне алмасу арқылы біз өз серіктестерімізге қолдау көрсетіп, МЕТРО тобы жұмыс істейтін елдерге экспорт мүмкіндіктерін кеңейту жолдарын (бұл әлемнің 35 елі), шығындарды қысқарту және тікелей сату мүмкіндігін, өнімді өткізуге байланысты шығындарды азайтуға, біздің желі тәжірибесін пайдалану есебінен өнім сапасын арттыру мүмкіндігіне кепілдік береміз», – деп METRO Cash & Carry желісінің сапа бөлімінің басшысы Құралай Құтжанова атап өтті.

 

Іс-шара барысында Алматы облысындағы фермерлер, «KazBeef» ет өнімдерінің өндірушісі, «Куликов» кондитер фабрикасы және басқалары сауда желісіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқыту семинарына қатысушылар ЕҚДБ-нен жұмыс істеп тұрған бизнесті қаржыландыру және кеңейту мүмкіндіктерін, мемлекеттік қолдау шараларын, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бизнесті қаржылай емес қолдау қызметтері туралы білді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер