«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Atameken Services»: ауыл бизнесі онлайн-қызметтерді игеруде

2019 жылғы 06 Ақпан
- Атырау облысы
6519 просмотров

Исатай ауданының 70-тен астам кәсіпкері «Atameken Services» порталының қызметтерін пайдаланып көрді

Атырау облысы Исатай ауданының тұрғыны, кәсіпкер Ербол Нагимашев жеке кафе ашу бойынша құжаттарды әзірлеп жатыр. Жұмыстар көп, бірақ екінші жартыжылдық бойынша салықтық есептілкті тапсыратын уақыт таяп қалды. Өйткені Ербол Нигмашев жеке кәсіпкерлігін 2018 жыл қараша айында тіркеген. Мәселені салық органына бармай шешуге «Atameken Services» порталы комектесті, порталда осы қызметті онлайн алуға болады.

«Бизнесті бірнеше жыл қатарынан жүргізіп келемін. Бұрын ағама көмектескенмін, былтыр жеке кәсіпкерлігімді тіркедім. Кәсіпкер үшін уақытты үнемдеу өте маңызды, «Atameken Services» сынды порталды құру пайдалы әрі ыңғайлы. Порталға тіркелуге ӨКП менеджерлері көмектесті. Бірден өткен жылдың салықтық есебін өткізіп тастадық. Енді порталды тұрақты қолданатын боламын», – деді жас кәсіпкер.

Бір сөзбен айтқанда, Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінен жеке кафе ашу рұқсатын алуға Кәсіпкерлер палатасының консультанттары көмектесті, рұқсатты www.elicense.kz портал арқылы алынды.

 Айта кетелік, «Atameken Services» порталы 2018 жылы тамыз айында іске қосылған. Осы уақыт аралығында оған Исатай ауданынан 129 кәсіпкер тіркелген, 70-тен астам кәсіпкер қызмет түрлерін пайдаланып үлгерді.

 Бүгінде кәсіпкерлер үшін порталда 60-тан астам пайдалы және тегін қызмет түрі бар. Оларды қарапайым процедурадан өтіп, пайдалануға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер