«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда жыл кәсіпкері анықталды

2018 жылғы 21 Желтоқсан
- Атырау облысы
12224 просмотров

Атырау қаласында жыл қорытындысы бойынша түрлі аталымда үздік кәсіпкерлерді марапаттау рәсімі өтті

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау облысы ӨКП және Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырған іс-шараға меншіктің түрлі формасындағы бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, даму институттары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

 Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың мәлімдеуінше, өңірде 46 мың бизнес субъектісі белсенді жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлік саласында 129 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы 9 жыл ішінде жалпы сомасы 82,1 млрд теңге көлемінде 1186 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Осындай қолдау арқылы өңірде 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

 

 «Қазіргі таңда бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау көрсеткіші бойынша өңір республикада екінші орында тұр. Осы бағытта Атырау облысы әкімдігі мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ауқымды жұмыс атқарды. Жыл сайын шағын және орта кәсіпкерліктің өсуі байқалып отыр. Биылғы жылдың желтоқсан айында Атырау облысының кәсіпкерлер 1 трлн теңгеге тең өнім шығарды, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 65%-ға жоғары. Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымда, еңбек ресурстарында бизнестің өзекті қажеттілігін табу, облыстың аудандарында және Атырау қаласында кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуетті нышандарды анықтау мақсатында скрининг жұмыстары жүргізілуде. Бұл айтарлықтай жұмыс, сондықтан бизнес өкілдерін бұл жұмысқа белсенді атсалысуын және қажетті ақпаратмен бөлісіп отыруды сұраймын. Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдар алдында бизнес ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты тапсырма қойды, біз өз тарапымыздан осы тапсырманы орындауға барынша күш салудамыз», – деді өңір басшысы.

 Жалпы, марапаттау барысында өңір дамуына қосқан үлесі үшін Атырау облысы әкімінің атынан 22 кәсіпкердің аты аталды. Оның ішінде Өңірлік кеңес пен Атырау облысы  Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Райса Көшекова, Нұрлы Айтиева, Дүйсенбек Ысмағұлов, Ермек Юсупов, және Айгүл Ерғалиева бар.

Сонымен қатар облыс әкімі Атырау облысы Өңірлік кеңестің төрайымы, бизнеске сіңірген еңбегі бойынша өңірде ғана емес бүкіл республикаға танымал  Әлия Бекқожаеваға алғыс білдірді.
 Жыл қорытындысы бойынша түрлі аталымдарда 10 кәсіпкер анықталды. «Үздік стартап жоба» аталымында «Нұр Риза» ЖШС жетекішісі Нұрлыбек Бисембаев жеңіске жетті, «Ең үздік жас кәсіпкер»  «Dental Angels» ЖСШ директоры Парасат Болатов танылды. Туризм саласында қазылар алқасы «Планета-KZ» компаниясын үздік деп тапты. Үздік бизнес-тренер атағын Арман Азаматов алды. «Үздік отбасылық бизнес» аталымы «Жер Ана» ЖШС жетекшісі, кәсіпкер Жұмабек Шәменовке бұйырды. Сауда саласындағы үздік кәсіпкер  «Держава – К» ЖШС басшысы Бағытжан Төлеуов болды. Қызмет көрсетудегі үздік кәсіпорын «The Chief» журналының бас редакторы, жеке кәсіпкер Әлия Бекқожиеваның кәсіпорны танылды. Жылдың үздік тауар өндірушісі болып «КазПако» ЖШС директоры Азамат Аманжолов танылды, үздік кәсіпкер әйел аталымы Айжан Ізімоваға бұйырды. Ал кештің басты жүлдесі – «Жыл кәсіпкері» аталымы «Амангелді» ЖШС жетекшісі Мұрат Әмірғалиевке табысталды.

Бұдан бөлек «Читающий Прикаспий» кітаптар дүкендер желісінің директоры Полина Кислицина кәсіпкерлік  дамуы саласындағы жетістіктері үшін «Атамекен» ҚР ҰКП-ның «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды. Награданы Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов табыстады. Палата басшысы бірқатар мемлекеттік органдарға бірлескен жұмыс үшін алғыс хаттар табыстады.

Кеш соңында мерекелік концерт және дизайнерлердің сән көрсетілімі ұйымдастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер