«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық кәсіпкерлер халықаралық стандарттарды игеруде

2018 жылғы 07 Қараша
- Атырау облысы
6678 просмотров

Атырауда қонақ үйлердің иелері «Аға сеньорлер» құралын белсенді қолдануда. Аталған құрауыш «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр.

«Аға сеньор»  жобасының мәні экономиканың басымдыққа ие секторларында жұмыс істейтін кез келген отандық кәсіпорын жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды және кадрларды дайындауды енгізу бойынша кеңес алу үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тарта алады. Ал шетелден білікті маман әкелуге кететін шығынды мемлекет өтейді кәсіпкер қонақты орналастыру мен тамақтандыруды қамтамасыз етеді.  

 Шетелдік сарапшы Давид Аджемиан қонақүй саласындағы білімін Торонтодағы (Канада) Райерсон университетінен алған. Кейін 30 жыл ішінде ол әлем бойынша қонақүйлер мен мейрамханаларда жұмыс істеген. Бүгінде Давид Аджемианның жеке мейрамханалары мен қоғамдық тамақтанудың кәсіпорындары бар, аталған кәсіпорындар штатында 300-ге дейін қызметкер жұмыс істеп 10-нен 10 000-ға дейін қонаққа қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда сарапшы әлемнің 10 түрлі асханасы бойынша білікті маман атанды. Ол қонақүй бизнесінің барлық аспектісінде: адами ресурстан мерчендайзинг, шығындарды бақылау, мәзір, бар мен сервистік операцияларды жоспарлауға дейін жұмыс істеді. Енді сарапшы «Sultan PalaceHotel»  атаулы 5 жұлдызды отель қызметкерлеріне тәжірибесімен бөлісіп, білім беруде.

 «Шетелдік сарапшы Давид Аджемианның дәрісіне бір аптадан астам уақыт қатысып жүрміз. Осы уақыт аралығында өзімізге өте пайдалы ақпарат алып, көп нәрсе үйрендік. Бізге өзге елдердің асханасы туралы білу қызыты болды. Әрине әркімнің жеке пайымдауы бар. Бірақ ақпарат алмасу артық етпейді. Осындай миссиялар тұрақты түрде өтеді деген сенімдеміз», – «Sultan Palace» мейрамханасының су-шефі Роман Трушкин.

Ал «Jasmine» қонақүйнің клиенттері жуырда сан алуан түрік тәттілерін дәмін татады. Қонақүй кондитерлері Түркиядан келген сарапшы Хасан Саргын дәрісіне қатысып жүр. Маман 27 жылды бойы кондитерлік, нан пісіру саласына арнаған.  Хасан Саргын жұмыс үдерісі, сапа бақылауы мен қонақүй менеджментін ұйымдастыру бойынша тәжірибемен бөлісті.

Айта кетелік, Атырауда «Аға сеньор» құрауышы бойынша 3 миссия жүріп жатыр, яғни шетелден үш бағытта мамандар келіп, отандық кәсіпкерлерге балық шаруашылығы, туризм мен қонақүй ісінде оқу дәрістерін өткізуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер