«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда жеңілдетілген несиені пайдалану көрсеткіші төмен

2018 жылғы 29 Тамыз
- Атырау облысы
8210 просмотров

Атырау облысында «Бастау» жобасы бойынша оқып шыққан 663 адамның ішінен 64 адам ғана жеке кәсіп ашу үшін жеңілдетілген несие алуды пайдаланды.

 Осындай жағдайдың себебі және оны шешу жолдарын Атырау облысы кәсіпкерлер палатасында өткен жиын барысында талқыланды. Іс-шараға ҰКП Бизнес коммуникацияларын мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев, кәсіпкерлікті дамыту институттары, мемлекеттік органдар, Палатаның аудандық филиалдары өкілдері қатысты.

 Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы диеректоры Абдолла Идресов хабарлауынша қазіргі таңда облыста «Бастаудың» 4-ші легі жүріп жатыр. Тыңдаушылар саны 200-ден астам.

 «Биыл жоспарға сәйкес 1 325 адамды оқыту көзделген. Қазіргі таңда 663 адам оқудан өтті, алайда кәсіп ашу үшін жалпы сомасы 241 млн теңгені құрайтын  жеңілдетілген несиені 64 адам ғана алған. Тағы 22 бизнес-жоба қаржыландыруға жіберіліп, 43 жоба екінші деңгейлі банктер, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық-несиелік корпорациясында қаралымда жатыр. Біз талдау жүргіздік, нәтижесінде қаржыландыру алу кезінде мәселелер екінші деңгейлі банктермен болатыны анықталды. Атап айтқанда, бұл Атырау қаласы мен Құлсары моноқаласының тұрғындары. Талаптарға сәйкес олар қаржыландыруды «Даму» қоры арқылы жергілікті «Сбербанк» АҚ филиалынан ала алады», – деп атап өтті Палата басшысы.

 Кәсіпкерлер тап болған банктердің кедергілері арасында – кепілзаттың болмауы немесе оның талаптарға сай келмеуі, қосымша кепілдің қажеттілігі, өтінімдері ұзақ қарау және басқа да мәселелер болып отыр. Осыған байланысты. Атырау қаласы Кәсіпкерлер палатасы қаржы институмен туындаған мәселені шешу бойынша шара қолданып отыр.

 Кәсіпкерлікті дамыту институттарына келетін болсақ, бұл ұйымдардың несиелерін өңірдің 7 ауданы тұрғындары ғана ала алады. Қаржылық қор қажетті деңгейде бар, алайда қарыз алушылар көп жағдайда 6 млн-нан көп қаражат сұрайды, ал қорларда белгілі бір шектеу бар. Бұған қоса несие алушылар сәйкес болуы керек бірқатар талаптар да жоқ емес.

 Жоғарыда аталған барлық мәселелерді талқылай келе тараптар өңірде «Бастау» жобасын жүзеге асырудың тиімділігін жоғарылату мақсатында бірлескен жұмыс жоспарын бекітті. Жиынды қорытындылай келе «Атамекен» ҚР ҰКП Бизнес коммуникацияларын мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев Атырау өнеркәсіптік өңір болып табылатынын, мұнда агроөнеркәсіптік кешендегі және басқа да көптеген салаларда жобаларды дамыту үшін үлкен әлеует барын атап өтті.

«Бастау» жобасының өңір үшін маңызы зор. Жұмыстан босатылған азаматтарды экономиканың басқа салаларындағы жобаларға тартып, бизнеске оқытуға болады, яғни бұл жобаны әлеуметтік жоба ретінде қарастыру керек. Менің ойымша оқыту мен қаржыландыруды көздейтін мемлекеттік бағдарлама  қазіргі таңда Атырауда толық ашылмай тұр. Сондықтан Атырау облысының кәсіпкерлер палатасына жергілікті атқарушы органдардың белсенді қатысуымен халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет. Жалпы жоба барынша артықшылығын көрсетуі үшін облыс пен әр аудан ерекшелігін ескере отырып, шамамен 10 үлгілік жобаны әзірлеу керек. Өз кезегінде біз оларды өңірдің ерекшеліктеріне бейімдеу мақсатында қаржыландыру шарттарын қарап шығуға және жақсартуға дайынбыз», – деді ҰКП өкілі.  
   

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер