«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырау облысында маман тапшылығы анық

2018 жылғы 25 Тамыз
- Атырау облысы
7980 просмотров

Атыраудағы жұмыс берушілер дәнекерлеушілерді жұмысқа қабылдау үшін оқу аяқталғанын күтіп отыр

Қазіргі таңда Атырау облысында жұмысшы мамандардың қажеттілігі екереше сезіліп тұр. Осы жайтты ескерген Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы жұмысшы мамандықтарына оқытатын және қайта дайындаумен айналысатын үш оқу орнын «Атамекен» ҚР ҰКП реестріне енгізуге бастама көтерді.

«Басты мақсат ­– білім алған мамандарды жұмысқа орналастыру. Осы мақсатта нарықты сараптап, қажетті мамандықтар тізімін жасадық. Өңірге негізінен мұнай сервистік компаниялар үшін мамандар қажет. Ұлттық палата реестріне енген үш оқу орталығында дәнекерлеуші, бетон құюшы, артаматурашыл, электрлі монтаж жасаушы және т.б. мамандар дайындалуда», ­- дейді Өңірлік палата адами капиталды дайындау бөлімінің басшысы Қуанғали Қожантаев.

Жоғарыда аталған орталықтардың қатарында «Сварка» Атырау аттестациялық орталығы бар. «АтырауНефтеМаш» кәсіпорнында орналасқан. Қысқа мерзімді оқыту курсы дәнекерлеу түрлерін үйренуге мүмкіндік береді. қазіргі таңда осы бағытта 20 адам білім алып жатыр.

«Өндірістік база халықаралық стандартқа сай. Теориялық білім бірден тәжірибеде шыңдалады. Оқу сыныптарында компьютерлер мен заманауы проектор қойылған. Өндірістік цехте 36 дәнеркелейтін жұмыс кабинасы бар. Барлық материалды өзіміз жеткіземіз. Оқу аяқталғаннан кейін емтихан тапсырылады», - деп атап өтті орталықтың бас нұсқаушысы Ертай Корбенов.

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру дәне әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының «Қысқа мерзімді оқыту» бірінші бағыт бойынша биыл 1055 адамды оқыту жоспарланған. Оқыту орындалғанымен, жұмысқа орналастыру 30% ғана.

«Мәселе кей оқу орталықтарының материалды-техникалық базасы стандартқа сай еместігінде. Теориялық білім тәжірибеде қолданылмайды. Білімін дәлелдей алмаған соң, жұмысқа орналастыру да қиын. Сондықтан өңірлік комиссияның соңғы отырысында жұмыс ерушімен тікелей байланыс орнатылған үш оқу орталығын реестрге енгізуге шешім қабылданды, яғни болашақта жұмыспен қамтуға кепілдік болады. Облыста барлығы 25 оқу орталығы бар, онда жұмыссыз азаматтар 47 мамандық бойынша дайындықтан өте алады», - дейді басқарма басшысының орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Бүгінде «АтырауНефтеМаш» кәсіпорны «Сварка» орталығына 25 дәнекерлеуші маманға өтінім берген. «Жаһан Атырау» ЖШС 4 дәнеркелеуші сұраған. Ал ресейлік вагон құрастыру зауыты 60 дәнекерлеушіні жұмысқа алуға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер