«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атыраудағы «Іскерлік байланыс» жобасы: тәлімі мол тәжірибе

2018 жылғы 11 Маусым
- Атырау облысы
6216 просмотров

Германияда бизнес-тағылымнамадан өткен «АтырауПромВентиляция»» компаниясының директоры Надежда Чигрина өндірісті жаңғыртуды ойластырған

Надежда Чигринаның кәсіпорынды басқарғанына бір жарым жыл болды. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң еңбек жолын «АтырауПромВентиляция»  компаниясында 2011 жылы хатшылық қызметтен бастаған. Еңбекқорлығы мен мақсатына жетуге деген ынта қатардағы қызметкерден кәсіпорын басшысына дейін алып келді.

«Лауазымды міндетке тағайындалғаннан кейін ең алдымен басшы ретінде мемлекеттік қолдаудың қай түрін пайдалана аламын деген сауал қойдым. Мәлімет іздей отырып, «Іскерлік байланыс» жобасы туралы білдім. Назарбаев университетінің базасында басқару машығын дамыту туралы айтылды. Оқу тегін, сондықтан неге пайдаланбасқа деп ойладым. Таңдалған тақырыптан бөлек, бәсекелік қабілетті дамыту, жұмыс кестесін жасау, өз бизнесіңнің материалдық ахуалын жүргізу, кәсіпті жаңғыртуға қатысты көптеген ақпарат алдым. Оқу бағдарламасының деңгейі өте жоғары, ірі бизнеске де, шағын кәсіпке да арналған», - дейді Надежда Чигрина.

Іскер ханымның айтуынша Германияда тағылымнадан өту үшін алдымен әңгімелесуден өту керектігін туралы хат келген. Бұл жобаға қатысуға ниет білдірушілер қатары өте көп, бірақ Наталья іріктеуден сәтті өткен.

«Тағылымнамадан өту бағдарламасы сауатты дайындалған, неміс тарапының да дайындығы білінді. Бір күн дәріс өтсе, екінші күні кәсіпорындарға бардық. Оның ішінде «Volkswagen Group» секілді ірі концернде де болдық. Жаңғыртудың ауқымы таңдандырды. Олар екі жылда бір рет жабдықты ауыстырып отырады екен, жұмыс процесіне заманауи технологияны әрдайым енгізіп келеді. 1000 шаршы метрлік цехте екі адам ғана жұмыс істейді, қалғанының барлығы автоматтанған», ­- дейді іскер.

рысында мамандандырылған көрмеге қатысып, желдеткіш жабдығын шығаруға бағытталған компанияның өкілдерімен байланыс орнатты.

Біз орналасқан жерден төрт сағаттық жол жүретін жерде. Оған жалғыз бардым. Кандай автоматтандырылған бағдарламамен жұмыс істейтіндіктерін көрсетті. Көп білім алдым. Германияда білгенімнен бөлек, сапар барысында өзіміздің кәсіпкерлермен арласып, сөйлесуден де көп нәрсені үйрендім. Достық қарым-қатынас орнады. Көбімен ынтымақтастық туралы келісімге де келдік», ­- дейді компания басшысы.

Надежда Чигрина елге келгеннен кейін алынған білім негізінде кәсіпорынның жұмысын автоматтандыру үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды көздеп отыр. Бұл жобаны Еуразиялық қайта құру және даму банкі арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Келешекте өндірістік жабдықты жаңартуды қолға алмақ.

Ақпарат үшін: «АтырауПромВентиляция» - 100% отандық үлестегі компания. 2002 жылдан бері желдету жүйесін жобалау, орнату және монтаждаумен, ауаны кондициялау және жылытумен айналысады. Кәсіпорын мырышталған болаттан домалақ және тікбұрышты қиыстырылған ауаөткізгіштерді, терезенің суағарын, түтін шығатын, су ағаты жүйелерді дайындауға маманданған. Ұжым қызметкерлері білікті. Түрлі ғимараттардың желдету, жылыту жүйелерін жасаумен айналысып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер