«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырау зауыты отандық бетон өндіреді

2017 жылғы 10 Мамыр
- Атырау облысы
14956 просмотров

«Теңізшевроил» ЖШСын кеңейту жобасына қажетті бетонды жергілікті зауыт өндіретін болады. Жуырда зауыт қолданысқа берілді 

«Теңізшевроил» ЖШС әлемдік мұнай нарығында ірі компания болып саналады, осы компания тапсырмасымен өңірде бетон зауыты салынды. Зауытты  «Нефтестройсервис ЛТД» отандық компаниясы Жылыой ауданында салды. Құрылыс жұмыстары былтыр сәуір айында басталып, жоспар бойынша уақытында аяқталды. Өндіріс алаңында 30 инженер мен опаретор мамандар еңбектеніп жатыр. Мұнда В15, В25 және В35 маркалы бетон өндіріледі.

 «Бетон өндірудің барлық үдерісі толық автоматтандырылған. Бетон дайындау әзірлемелері компьютер жадына құйылған. Тензодатчиктер инертті материалдың, судың және химиялық қоспалардың  қажетті деңгейін есептейді, осы қоспалардың барлығы арнайы миксерде араластырылады», – деді «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-н пайдалану бойынша инженері Михаил Чарлин.

 

Мамандардың айтуынша өндірісте қолданылатын жаңа технологиялар өнімнің сапасын арттырған. Бетон зауыты тапсырыстарды қабылдай бастаған. Осы қарқын жалғаса берсе зауытқа тағы жергілікті 60 маман жұмысқа тартылмақ.   

«Біз бұл зауытты «Теңіз» мұнай кенін кеңейту жұмыстарына арнайы салдық. Зауыт қуаттылығы мен шығарылатын өнім сапасы тапсырыс берушінің талаптарына толық сай келеді. Құрылыс кезеңінде жұмысқа 500 адам жұмылдырылды. Бүгінде зауытта 30 инженер еңбектеніп жатыр. Біз кез келген жобаны іске асыруға дайынбыз», – деді «Нефтестройсервис LTD» ЖШС бизнесті дамыту менеджері Әмина Акдрашева.

Айта кетелік, компания зауыттан бөлек инфрақұрылымдық нысандар құрылысын да қолға алған. Бұл жұмысшыларға арналған жатақханалар, асханалар мен тұрмыс қалдықтарды қайта өндеуге арналған құрылғылар.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер