«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Цитрусты бәсеке: Атырауда лимон өсіріледі

2017 жылғы 04 Мамыр
- Атырау облысы
10607 просмотров

Кәсіпкер Атырау жерінде лимон өсіруді жоспарлап отыр

Атыраулық кәсіпкер Владимир Розметов ташкенттік лимонариядан 2 мың түп сатып алған. Бүгінде Махамбет ауылында ауданы 1 гектар жерге егілді.

Агрономның айтуынша, лимон ағашын Абхазия мен Өзбекстаннан таңдап, соңында Ташкенттің ғалымдары ойлап тапқан «Мир» деп аталатын сұрпына тоқталған. Лимонның дәл осы сұрпына жергілікті климаттық ерекшелік пен топырақтың құрамы қолайлы.

Ташкенттен келген екі ғалым көшеттерді бақылауға алады. Өзбекстан мамандары қалай өсіруді үйретіп, күтім тәртібін түсіндіріп, көшетті егуден бастап алғашқы өнім алғанға дейін қандай шараларды атқару керек екенін түсіндіреді.

«Биылғы жылы тек өсіріледі, күзге таман ағаштарға арнап жылыжай жасап, оларды жабамыз. Таза ауада, ашық жерде өсуі керек. Ал көктемде алғаш рет гүлдейді, әрбір ағаш 10-15 дана лимон береді. Ағаш мықты болып өсуі үшін одан көп жемісті қалдырмау керек. Келесі жылдан бастап әрбір ағаш 15 келіге дейін жеміс береді, 4 жылдан кейін әрбір ағаш 150 келіге дейін өнім береді», – дейді кәсіпкер.  

Владимир Розметовтың айтуынша лимон өсіру үшін көп шығындалудың қажеті жоқ. Қыста жылыжайдың температурасын көтеру үшін бар болғаны 4 шағын жылыту қазандығы керек, себебі іштегі ауа +5 градусты ұстап тұрған абзал.

«Алтын ала нарықты зерттеп алдым. Бізде сатылатын лимонның барлығы сырттан әкелінеді, тиісінше бағасы да қымбат. Мысалы лимонның 1 данасы 100-200 теңге аралығында. Менің есептеуімше, біз өсіретін лимон екі жылдан кейін екі есе арзан бағада болады, себебі көлік тасымалына шығынданбаймыз. Сондықтан жергілікті лимондар таяу арада бәсекелесе алатынына сенімдімін», – деп ұйғарды кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер