«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қателіктің соңы дауға ұласты

2016 жылғы 07 Қазан
- Атырау облысы
10147 просмотров

Баға ұсынысында кеткен қателік кәсіпкер мен құқық қорғау органдарының соттасуына себепші болды

Қарағанды облысының кеңселік темір жиһазын дайындауға мамандандырылған «UMEF» ЖШС, биылғы жылдың сәуір айында Атырау облысы Ішкі істер департаменті ұйымдастырған ұялы телефондарды сақтайтын темір шкаф дайындау қызметі бойынша мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазы атанады. Алайда баға ұсынған кезде өтініште механикалық қате кеткен. Тендердегі 18 шкаф бойынша есептелген соманың орнына бір шкафтың құны көрсетілген. Яғни, құжат тапсыру кезіндегі сома, ұсынылған жұмыс сомасынан 18 есе кем. Бұл жағдай келісімшарттың орындалуына кедергі болды. Сол себепті серіктестік келісімшарттың күшін жоюды ұсынған. Алайда Ішкі істер департаменті Атырау облысының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына кәсіпорынды жауапсыз өнім жеткізуші тізіміне қосу туралы шағым түсіреді.

«Атырауда өкіліміз жоқ болғандықтан, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап жүгіндік. Олар өз кезегінде Атыраудың Кәсіпкерлер палатасына байланысқа шықты. Нәтижесінде, мүддемізді қорғау үшін бізге Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы құқық бөлімінің заңгері Жоламан Мұсағалиевті жіберді. Оның тәжірибесінің мол екенін атап өткім келеді. Ол бірнеше ай бойы адам факторының қателігі заңмен белгіленбегенін дәлелдеумен болды», – деді «UMEF» ЖШС директоры Надежда Штеркель.

Көп айға созылған сот процесінің нәтижесінде іс кәсіпкердің пайдасына шешілді. Компания басшылығы Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының атына алғыс хат жолдады. Алғыс хатта қызметкерлерге табыс, бизнес субъектілерін қорғаудағы қайырымды істеріне сәттілік тілейтіндері айтылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер