«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі

2016 жылғы 20 Мамыр
- Жетісу облысы
13694 просмотров

Қоғамдық мониторинг әкімшілік кедергілерді айқындаудың пәрменді құралдарының біріне айналды

Қазақстан Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілдің есептік кездесуінде облыстың Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Баниямин Файзулин табысты тәжірибенің қорытындыларымен таныстырды

Мәлімет бойынша, кедергілерді айқындау және төмендету мақсатында Палата қолданыстағы заңнама бойынша ұсыныстарды енгізу және талдау, рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жұмыстарын жүргізуде. Проблемалық мәселелердің тізілімі және кәсіпкерлердің проблемаларын шешудің картасы құрылған, нормативтік құқықтық актілердің сараптамасы жүргізіледі.

«Әкімшілік кедергілерді айқындаудың пәрменді құралдарының бірі қоғамдық мониторинг жүргізу болып табылады. 2015 жылдың төртінші тоқсанында және биылғы жылдың бірінші тоқсанында қоғамдық мониторинг және мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы, автобустық жолаушылар тасымалдауды субсидиялау, экология саласы, техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша талдау жүргізілді», – деп атап өтті Кеңес төрағасы.

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу проблемалары өңір үшін өзекті болып табылады. Айталық, мониторинг жүргізу барысында мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды құру және олардың қызметі кезінде антимонополиялық заңнаманы бұзудың бірқатар деректері анықталды. Мысалы, Жолаушылар тасымалына қызмет көрсету орталығы (ЖТҚКО) шағын кәсіпкерлік субъектісі бола тұра, бірқатар заңнамалық актілердің талаптарын бұзып отырғаны анықталды. «Бәсекелестік туралы» заңнама бойынша, жергілікті атқарушы органдарға елу пайыз акциясы мемлекетке тиесілі (жарғылық салымға қатысу үлесі) заңды тұлғаларды, және де, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңда бекітілген шарттарға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын аффилирленген тұлғаларды құруға, сондай-ақ оларға қатысуға тыйым салынады.   Орталықтың жарғысын талдау көрсеткендей, олар өз қызметін бәсекелі ортада жүзеге асыру құқығына ие.  Одан бөлек, ЖШС «Автокөлік транспорты туралы» заңды бұзып құрылған, онда жергілікті атқарушы органдардың диспетчерлік қызметтерді құруы қарастырылмаған. Қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу арқылы бәсекелі ортада өзге де, атап айтқанда, сәулет саласында мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар құрылып, жұмыс істеуде.  

Болата Палымбетовтің айтуынша, мемлекет, ең алдымен, кәсіпкерлік қызметті дамытуға мүдделі. Сол себепті осындай кемшіліктерді түзеу жұмыстары жүргізілуде.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті дамытудың басым міндетін қойып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда шағын және орта бизнесте 3 млн 200 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар, бұл 38%-ды құрайды. Басқа елдерде бұл көрсеткіш 60-70%-дан асатынын айтқымыз келеді. Сол себепті бізге бизнесті қолдауды күшейту және оларды кем дегенде 60-70%-ға дейін жеткізу қажет. Бұл бағытта мемлекет өте көп іс атқаруда. Даму институттары құрылған, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заң, Кәсіпкерлік кодексі қабылданған», – деп түйіндеді бизнес-омбудсмен.

Мониторинг барысында экологиялық заңнаманың қолданысы саласында анықталған проблемалар Бас прокуратураның бүкіл республика бойынша тексерулер жүргізуді бастауына негіз болды. Соның нәтижесінде прокуратура органдары бұзушылықтарды жою жөнінде прокурорлық жедел жауап қату актісін енгізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер