«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Илкидің шеберлік сыныптары

2016 жылғы 17 Наурыз
- Атырау облысы
9152 просмотров

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Атырауда 35 шет тілдер оқытушысына халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды

Олардың барлығы «SES» компаниясының Германиядан келген сарапшысы Илки Бихбаймерден тәлім алған. Жергілікті педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған шеберлік-сыныптарын Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Аға сеньорлар» компоненті бойынша ұйымдастырған.   

Шетел сарапшысы Илки Бихбаймердің айтуынша, оның оқыту бағдарламасының басты мақсаты – шет тілдерін оқыту әдіснамасын жақсарту, оқу процесінде инновациялық технологияларды пайдалану, оқытушылар мен студенттердің коммуникативтік қабілетін дамыту. Ол Германияның түрлі оқу орындарында 30 жыл бойы ұстаздық қызмет атқарған. Зейнеткерлікке шыққан соң ол аға сарапшылар қызметінде жұмыс атқаруды жалғастырған. Бұл қызығушылық танытқандарға зейнеткерлікке шыққан соң, қоғам өміріне белсене араласып, өз білімі мен шеберлігін өз елінің, сондай-ақ шет ел азаматтарын үйретуге мүмкіндік беретін халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс экономикасы қоры.

«Атырауда жұмыс жасау мен үшін өте қызықты өтті. Мен шеберлік-сыныптарды ұстаздарға ғана емес, студенттерге де өткіздім. Олардың барлығы да білім алуға ұмтылып, оқуға деген аса қызығушылығын танытты. Мен өз кәсіби тәжірибемді келесі ұрпаққа бере алатыныма ризамын», - деді Илки Бихбаймер. 

Қатысушылардың айтуынша, оқу барысында олар көптеген жаңа әрі пайдалы дүниелермен танысқан. «Сабақты сапалы өткізу, студенттерді шет тілдерінде еркін сөйлеу, оқуға ынталандыру тәсілдері туралы көптеген идеялар айтылды. Біз сабақтарды өткізудің жаңа әдіснамалары жайында ақпарат алдық. Сарапшымен пікірлесе отырып, біз және студенттер тілдік тәжірибеден өттік десе де болады», – деп алған әсерімен бөлісті Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аударма ісі және шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Иманғалиева.

«Шетел сарапшылардың қатысуымен шеберлік-сыныптарын ұйымдастыруды 2014 жылдан қолға алғанбыз. Сол уақыттан бері дәнекерлеу ісі, аспаздық өнер, музыка мен медицина салаларында шеберлік-сыныптар өткізілді», – дейді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы сарапшысы Амангелді Иманов. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында халықаралық сарапшыларды тарту арқылы өз кадрларының біліктілігін тегін арттыру мүмкіндігін ескерген жөн. Бұл үшін олар Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінуі қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер