«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің іс-қимыл еркіндігі шектелмеуі керек

2016 жылғы 29 Ақпан
- Атырау облысы
15306 просмотров

Кәсіпкерлік кодексінің қағидаларын дұрыс қолдана білсек, еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасауға болады

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Құжаттың кіріспе бөлімінде көрсетілгендей, кодекс Қазақстан Республикасы кәсіпкерлеріне еркіндік беретін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай мен кепілдікті, Мемлекет пен кәсіпкерлер субъектісінің арасындағы әрекеттестіктен туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді, сонымен  қатар мемлекеттік реттеулерді және кәсіпкерлікті қолдауды анықтайды.

 «Нұр Отан» партиясы сайлауалды тұғырнамасының «Шағын және орта бизнесті қолдау» бағытындағы партия кураторы жанындағы сараптамалық топтың мүшесі, кәсіпкер Ильдар Джумиян  жаңа заң жобасының қабылдануы бойынша өз пікірімен бөлісті.

«Теоретигі бар, практигі бар көптеген заңгерлер, жаңа заң жобасының мәселелері мен кемшіліктерін кеңінен талқылап айтып жатыр. Айтылып жатқан пікірлердің кейбірімен мен де келісемін. Соңғы кездері Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік туралы заңнамалар дами келе, кез-келген кәсіпкер игере алмайтындай сондай бір қолдануға қолайсыз болып кеткен еді. Заңдар мен заңға қосымша нормативтік-құқықтық актілердің көптігі, кейбірінің сапалық жағынан ескіргендігі, ал кейде бір-біріне қарама-қайшы келетіндігі елімізде шағын және орта бизнестің дамуын қатты тежеді.

«Менің ойымша, құжаттың авторы тек кәсіпкерлікке қатысты заңнамаларды жүйелеуді ғана емес, сонымен қатар мемлекет пен бизнес арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі әр түрлі мәселелер мен қайшылықтарды жоюды көздеген секілді», – деді Ильдар Джумиян.

324 баптан тұратын Кәсіпкерлік кодексінің негізі қазіргі күндері күшін жойған алты заңнан құралған: «Жеке кәсiпкерлiк туралы» (2006ж.); «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» (1998ж.); «Инвестиция туралы» (2003ж.); «Бәсекелестік туралы» (2008ж.); «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (2011ж.); «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» (2012ж.)

Кәсіпкер: «Заң жобасының авторлары мен сарапшылары кодексте негізгі қағидаттарды орната отырып, жүзден астам нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулыр енгізу қажеттігін мәлімдеді. Осылайша кәсіпкерлік заңнамасы құрылым мен келісушіліктерге ие болды», – деген пікір айтты.

Бір қарағанда әртүрлі болып көрінетін заңдарды біріктірудің және қалған заңнамаларды осыған икемдеудің қажеттілігі бар ма еді? Бұл жөнінде  Ильдар Джумиян еш күмәнсіз «ия қажет» деп есептейді.

 «Біріншіден, кодификация кәсіпкерлік субъектісі мен мемлекет арасындағы: көпшілік-құқықтық, жеке құқықтық және ішкі, корпоративтік секілді ұқсас қарым-қатынастарды реттейтін әртүрлі құқықтық нормаларды біріктіруге мүмкіндік берді. Белгілі бір жүйе қалыптасты. Әр түрлі жағдайлар туындағанда үнемі кәсіби маманның көмегіне жүгіне алмайтын көптеген кәсіпкерлердің жұмысын едәуір жеңілдетті. Екіншіден, заңнамалар реті бойынша Кодекс ең жоғарғы заңды күшке ие. Егер кәсіпкерлік қатынастарды әрқилы жағдайларды реттеуге қатысты жоғарыда көрсетілген алты заңнан басқа заңнамалар болатын болса, Кодекс олардың күшін жоймаса да болуы ықтимал қайшылықтарды реттейді», – деп түсіндірді И.Джумиян.

Сонымен қатар ол өз уақытында алғашқы Еңбек кодексінің де бұрын қолданыста болған бірнеше заңның («Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Ұжымдық шарттар туралы» және т.б.) негізінде қаланғандығын атап өтті. Нәтижесінде қабылданған Еңбек кодексі еңбек қатынасының дамуына сапалы серпіліс алып келді.

Әрине, кәсіпкерлік қарым-қатынастар саласының ауқымдылығы сонша, кәсіпкер бір ғана Кодекстің барлық саланы қамти алмайтындығын алға тартады. Оның сөзіне қарағанда, салалық заңдар мен заң ішіндегі нормативтік-құқықтық актілер, халықаралық шарттар және тағы басқалар қалады. Алайда, олардың бір бөлігі Кодексті толықтыру барысында Кодекс құрамына енгізілуі де мүмкін.

«Кодекстің 3-бабында солар бойынша мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің қарым-қатынастары құрылатын 19 қағида көрсетілген. Дұрыс қолданған жағдайда, бұл қағилар елдегі шағын және орта бизнестің дамуын қамтамасыз етеді, орныққан ірі компаниялардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ильдар Джумиян.

Оның ойынша, кәсіпкерлердің емін-еркін әрекет етуіне жол ашатын көпшілікке мәлім қағидалар ерекше қызығушылыққа ие. Оларға сондай-ақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын шектеу және өзін-өзі реттеу қағидаларын жатқызуға болады.

«Жөнге салу», қатаң заңдар мен өкімгерлік нормативтік актілер шығару, мемлекеттің материалды, табиғи, қаржылық ресурстарды үлестіру ісіне араласуы негізін ҚР Конституциясында бекітілген жеке меншік құқығы құрайтын елдегі бизнестің дамуына ықпал ете алмайды. Өз кезегінде, бұл жемқорлықты тудырады, себебі заңды айналып өткісі келетіндер, олардың осындай ойларын жүзеге асыруға көмектесуге дайын тұратындар әр уақытта табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызметіне араласу деңгейі тек жанама сипатқа ғана ие және төмен деңгейде көрініс береді,– дейді кәсіпкер. – Кодексте көрсетілген қағидалар тіпті жаңа емес және бұрын да жарияланған болатын. Алайда,  мемлекеттің қандай қиын экономикалық жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерін басқаруда өзіне шектеу қою және олардың өзін-өзі реттеуіне еркіндік беру туралы шешім қабылдағандығын атап өткен жөн. Ең бастысы, жарияланған қағидалардың тек қағаз жүзінде қалып кетпей, жақын арада нақты іс-әрекет түрінде іске асқаны дұрыс».

«Кәсіпкерлік кодекс қабылданған күйінде ұзақ уақыт өмір сүре алмауы мүмкін. Ол міндетті түрде қарастырылып, толықтырылып, қолданыстағы экономикалық жағдайға сәйкестендірілетін болады. Бірақ оның қабылдануының өзі елдегі кәсіпкерлік субъектілерінің барлық санаттарының дамуына түрткі болуы тиіс»,– деп қорытындылады өз сөзін Ильдар Джумиян.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер