«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Баруға тұрарлық сән салоны

2016 жылғы 04 Ақпан
- Атырау облысы
15311 просмотров

Кәсіпкер әйелге нысанның функционалды мақсатын өзгерту үшін жылға жуық күтуге тура келді

Гүләйім Қуандықова Кәсіпкерлер палатасына жүгінгеннен кейін, оның мәселесі екі айдың ішінде оң шешімін тапты.

Бизнес-вумен кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында Атырау қаласынан пәтер алады. Ол 2014 жылы қаладағы жер қатынастары бөліміне пәтердің функционалды мақсатын сән салонына ауыстыруға өтініш береді. Мемлекеттік органнан жауап күтіп шаршаған  Гүләйім Қуандықова 2015 жылдың қарашасында мәселенің оң шешім табуына ықпал етуін сұрап Атырау Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.

«Палатаға кәсіпкерлерге көмек қолын созып, құқықтарын қорғауда маңызды іс атқарғаны үшін алғысымды білдіремін. Мен әкімшілік кедергілерге тап болып, нысан құжаттарын ресімдеу үшін жылға жуық уақытымды жоғалттым. Палатаға жүгініп ғана тоқтаған істі алға жылжыттым. Құқық бөлімінің заңгерлері мәселені мұқият тыңдап, оны қысқа мерзімде шешіп берді. Оларға кәсібилігі үшін рахмет айтқым келеді. Кәсіпкерлер палатасының бизнеске қолдау көрсетуді жалғастыра беруіне, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында көпір болуына тілектеспін» – деп жазады Гүләйім Қуандықова Палата мекен-жайына жолдаған хатында.

Айта кету керек, кәсіпкер әйелдің Палатаға жасаған үндеуі негізінде Атырау қаласы әкімдігімен бірлескен жұмыстар жүргізілді, соның нәтижесінде Гүләйім Қуандықова үй-жайдың функционалды мақсатын өзгертуге рұқсат алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер