«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазіргі заман шындығының сынақтарын лайықты түрде жеңіп шығу

2015 жылғы 30 Қараша
- Атырау облысы
11783 просмотров

Жолдау қазіргі уақыт жағдайында нақты іс-қимыл жоспарын белгілейтін, дер кезінде берілген бағдар болып отыр

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Қайранбаев осындай ой айтты.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» жаңа Жолдауын Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы ұжымының толық құрамда тыңдағанын атап өту керек.      

Ербол Қайранбаевтың айтуынша, Жолдау қазақстандықтарға әлемдік экономикалық дағдарыстан шығар жолды көрсетіп қана қоймай, күллі әдемдік қоғамдастыққа саяси дағдарыстан шығар жолды нұсқайды.

«Сонымен, мысалы, Мемлекет басшысы Ресей мен Түркия арасындағы жағдайға қатысты көзқарасын айта отырып, екі мемлекеттің де бұл күресте дос әрі үзеңгілес ел ретінде ортақ тіл табысып, жылдар бойы қалыптасқан қатынастарын бұзбауға тырысуы қажет болғанын атады.  «Мен премьер-министр Демирель заманынан бастап, президент Ельцин кезеңінен бері, жылдар бойы Ресей мен Түркия ұстанымдарын жақындастыруға, оларды достастыруға қызмет еткен адаммын. Көп жыл бойы тұрғызған осы дүниенің бәрі зая кетуі мүмкін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ел Президентінің мұндай ұстанымын толығымен қуаттаймын. Бейбітшілік және келісім – бұл кез-келген мемлекет үшін басты байлық, оның тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан да оны сақтауымыз керек», - деп есептейді Палата өкілі.   

Ербол Қайранбаев сонымен қатар Жолдаудың шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты аспектілерін ерекше бөліп көрсетті.  

«Президенттің шағын және орта бизнеске қандай үлкен роль беріп отырғанын айқын көріп отырмыз. Іс жүзінде Жолдаудың өн-бойында ШОБ-ты қолдау мәселесі қозғалады, мәселен, тегін кәсіптік-техникалық білім беру. Шағын бизнес үшін слесарьлар, токарьлар, құрылысшылар, наубайханашылар сияқты үйретілген жұмысшылар ерекше маңызды. Бұл шағын бизнес субъектілері санын айтарлықтай көбейтіп, оның сапасын көтереді деп санаймын. Жеңілдетілген банкроттық процедурасы кәсіпкерге жұмыс орындарын, активтерді, көлемдерді сақтау үшін одан да көлемді айла-тәсіл ұсынады. Бұл сондай-ақ бизнес субъектісінің қатесін түзетіп, осы немесе басқа жобада жаңа өмірді бастауына мүмкіндік береді. Салықтар. Президент салықты көтерудің, бюджетте тапшылық орын алған жағдайда, орын алған жағдайдан шығар жол емес екенін анық атады. Үкімет салық мөлшерлемесін көтеруді ойламауға тиіс. Үкіметтің, әкімдіктер мен Палатаның бірінші кезекті жұмысы сонымен қатар ШОБ субъектілерін көбейту жұмысы болуға тиіс. Салықты көтеру және осылайша бюджетті толықтыру – бұл өте қарапайым дүние. ШОБ санын көбейту керек, сонда бюджет те толығады», - деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Қайранбаев.

Оның айтуынша, жекешелендіру – бұл бүгінгі нақты ахуалдағы ең маңызды құрал.

«Қазақстанда, облыста да жағдайы жақсы адамдар аз емес. Олардың көпшілігі капиталын білімімен, еңбегімен тапқан, олар тәжірибелі бизнесмендер. Қазір мемлекет меншігіндегі нысандарды көтеріп, жұмыс жасай алатын да осылар», - деп атады ол.

Өңірлік палата директорының орынбасары сөзін қорытындылай келе, қазақстандықтардың мемлекет басшысы белгілеп берген саясатты қолдайтынына, осылайша, Қазақстанның қазіргі заманғы шындық сынақтарынан лайықты түрде өте аларына сенім білдірді.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер