«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы дағдарысқа қарамастан, инвесторлар тартуда

2015 жылғы 27 Қазан
- Алматы қаласы
11455 просмотров

Дүниежүзілік қаржылай тұрақсыздық жағдайында да Қазақстанның оңтүстік астанасына инвестициялардың үздіксіз ағыны келуін жалғастыруда

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы бір аптада бірден шетелдік үш делегацияны қабылдады.

Президенті Ким Джаён бастаған Корея Республикасының жоғары сапалы өнім өндірушілер қауымдастығы қазақстандық компаниялармен тығыз қарым-қатынас құруды мақсат тұтады және білім, тәжірибе алмасу жолымен ең соңғы технологияларды дамытуға қолдау көрсетуге дайын. Оңтүстік-кореялық делегация құрамына жаңа серіктестер іздеуге мүдделі ірі кәсіпорындардың бірінші тұлғалары кірді.  

1992 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында дипломатиялық қатынас орнатылған сәттен бері сауда-экономикалық ынтымақтастық саласы ғана емес, көптеген салалардың өріс тапқанын атап өту керек. Мәдени және әлеуметтік байланыстар белсенді даму алды. Қазақстанда ТМД бойынша көлемі жөнінен үшінші тұрған корейлік диаспора өмір сүріп жатыр және Қазақстанның Корейлер қауымдастығының жәрдемімен бизнесті дамыту ойдағыдай өркендеуде.

ҚР Статистика жөніндегі комитет деректеріне сәйкес, 2015 жылдың басына дейін елдеріміз арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд долларды құраған. Автомобиль жолдары құрылысы, электр желілері мен қосалқы станцияларды модернизациялау, қара металлургия салаларында, тұрмыстық және электронды техника, мұнай химиясы, өндіруші сала және басқаларындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынтымақтастықтың маңызды бағыттары деп санауға болады. Қазақстан аумағында Оңтүстік Кореядағы “Samsung”, “LG”, “Korea Electric Power Соrporation” (KEPCO), “Hyundai Engineering Co Ltd”, “Hyundai Corporation”, “AyLyn group”, “Korea National OilCorp” (KNOC) сияқты белгілі компаниялар жаңа технологиялар мен өндірістерді енгізумен айналысады.

Австриялықтар да Қазақстанда бірлескен өндірістер ашуды жоспарлап жүр. Вена Экономика палатасының президенті Вальтер Рук бастаған бизнес-делегация Қазақстанда өндіріс ұйымдастыру мен технологиялар трансфертін де, старт-аптарды өркендету үшін ыңғайлы ел болып саналатын Австрияда ынтымақтастық орнатуды да ұсынады. Шетелдіктер үшін салық салудың икемді жүйесі, зерттеушілік жобаларды қолдау, қауіпсіздік, жоғары білікті кадрларға қолжетімділік, ыңғайлы географиялық орналасу және бірнеше миллиондаған еуропалық өткізу нарығы ерекше тартымды.

Австриялық “BWT Pharma & Biotech” компаниясы Алматыға таза суды өндіру, сақтау және бөлуге арналған инновациялық жүйелерді (Aqua Purificata, Purified Water) жеткізуді жоспарлауда, “ERCO Lighting GmbH” сәулеттік  жарықтандыру үшін кәсіби жарық-техникалық бағдарламалық және аппараттық жасақтаманы ұсынады, ал сонау 1860 жылы Карл Тицтің жоспарлары бойынша салынған “Grand Hotel Wien” бес жұлдызды қонақ үйі туризмді дамытуға мүдделі.  

Австрия Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарынан табылады: ЕО елдері арасында ол екі жақты сауда көлемі жөнінен 4 орын алады. ҚР өз кезегінде Австрия үшін ТМД елдері арасында Ресейден кейін екінші сауда серіктесі болып табылады. 2014 жыл нәтижелері бойынша, екі жақты тауар айналымының көлемі 3,1 млрд. долларды құраған. Экономикалық, ауылшаруашылық, таиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-Австриялық үкіметаралық комиссия екі жақты экономикалық ынтымақтастық саласындағы тиімді механизм болып табылады. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша болашақтағы экономикалық ынтымақтастықтың жалпы сомасы 800 миллион еуроға жуық 36 басымдылықты жоба тізбесінен тұратын «Жол картасы (Roadmap)» қабылданды. Олардың арасында OMV, Kapsch, Strabag, Bertsch, Porr, Siemens, Swarovski, VAMED, Doppelmayr, Christof Group және басқалары сияқты танымал фирмалардың жобалары бар.

Алмандықтар да іскерлік байланыстар орнатуға біршама табандылықпен бет алып отыр. Автоөндірушілер (Мерседес, ГАЗ, Фольксваген, Форд, Тойота, Ресейдегі Шкода) үшін, машина жасау, кеме жасау, ұшақ жасау және құрылыс индустриясы үшін кәсіпқой дәнекерлеу жабдығын жеткізуші германдық “Emmerich Consulting” компаниясы әлеуетті қазақстандық машина жасауды дамытудан көріп отыр. Компания қазірде Ресей, Беларусь, Өзбекстанға өнеркәсіптік жабдық жеткізуді, консалтинг және жобалауды жүзеге асыруда. Компания өнімдерінің көпшілігінде Қазақстан аумағына әкелу үшін «кеден одағының» сертификаты бар. Компания БАӘ, Грузия, Люксембург (өкілдік), АҚШ (филиал), Ливияға жоғары мөлшерленген дәрумендер мен гомеопатиялық кешенді құралдар экспортын іске асырады. 2014 жылдан бері - Украинаға, Ресейге, Үндістанға.

Фармацевтикалық өндіруші “Hevert-Arzneimittel GmbH” компаниясы БАӘ, Грузия, Люксембург (өкілдік), АҚШ (филиал), Ливияға жоғары мөлшерленген дәрумендер мен гомеопатиялық кешенді құралдар экспортын іске асырады, ал 2014 жылдан бері - Украинаға, Ресейге, Үндістанға. Компанияның дәрі-дәрмектерін Қазақстанда өткізу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты қажет. Германиядан келген іскер делегацияның құрамында сондай-ақ тамақ өнімдерін өндірушілер, әлемнің кез-келген нүктесіне жүк жеткізуді және қоймалауды жүзеге асыратын логистикалық компаниялар бар.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы Юрий Тілеумұратов басшылығымен аталмыш сапарлардың қажеттілігі мен өзектілігін атап өтті. Палата тарапынан әлеуетті инвесторларға бірлескен өндірістер мен кооперациялар құруға консультациялық қолдау көрсетуге дайын екендері жайлы айтылып, Алматының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер