«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

№1 міндет: сатып алушыны қайтару!

2015 жылғы 24 Тамыз
- Қостанай облысы
12768 просмотров

Валюта дәлізінің күшін жою отандық сатып алушыны қайтаруға көмектеседі

Қостанайлық кәсіпкер, «Ақбарыс НК» (жылдам дайындалатын кеспе өндіру жөніндегі көшбасшы кәсіпорын) кәсіпорнының директоры Азамат Нұрғазин бұған сенімді. Оның айтуынша, кәсіпорын мұндай шараны күткен екен, себебі қалыптасқан валюта диспаритеті шығарылатын өнімге деген сұранысты екі есеге дерлік төмендеткен.

«Қысқа мерзімдік келешекте, 2-3 ай ішінде, ішкі нарықтағы жағдайдың жақсаруын күтеміз. Біршама арзан ресейлік тауарға, шетелдік өндірушіге барған сатып алушының бізге қайтып келгені тиімді. Ұзақ мерзімдік келешкке келер болсақ, яғни жарты жылдан бір жылға дейін, онда бұрын жоғалтып алған ЕАЭО нарықтарына қайта шықпақшымыз. Осы уақыт бойы ресейлік компаниялар біршама үлкен қызығушылық танытып келген еді. Бірақ баға ұсынысын алға қойғанымызда, онда ресейлік рубльге аударғанда ол тиімсіз болды. Әрине, экспорт жайлы айтудың өзі артық болды. Өзіміздің қазақстандық сатып алушыны сақтап қалсақ та», - дейді Азамат Нұрғазин.

Бизнесмен қазіргі заманғы экономикалық жағдайда сатып алушының шығарылатын өнім сапасына көбірек назар аударатынына сенімді.

«Дистрибьюторлық компания түріндегі біздің ішкі сатып алушы біршама арзан тауарды таңдаған еді. Баға саясаты осыған құрылды. Өндірушіге, тауарымыздың сапасына онша назар аударылған жоқ. Жағдайдың өзгереріне, шетелдік өніммен лайықты түрде бәсекелесетінімізге сенемін», - деп баса көрсетті Азамат Нұрғазин. 


Ұқсас жаңалықтар:

Өндірістің тоқтап қалуын болдырмады
29 Қыркүйек
2015
Атырау облысы
Тұрақтануға деген үмітпен
27 Тамыз
2015
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер