«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жас бизнесмендер зердені дамытуды қолдайды

2015 жылғы 07 Шілде
- Атырау облысы
12775 просмотров

Атырауда барлық тілек білдірушілер үшін Жылдам оқу және зердені дамыту мектебі есігін ашты  

Жобаны Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанында әрекет ететін Жас кәсіпкерлер мектебі жүзеге асырды. Жобаны ұйымдастырушылар ресми таныстыру барысында Жылдам оқу және зердені дамыту мектебінің білім беру саласындағы жаңа бағыт екенін ортаға салды. Аталмыш әдістеме зердені дамытуға, жалпы, адам миының екі жартышарының үйлесіммен дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда жылдам оқу және зердені дамыту мектебі танымалданып келеді.

"Жылдам оқу мектебін өзіміз үшін ғана іздеген едік, сосын осы мектепті тауып алдық. Әдістемені көрген соң, қаламыздың тұрғындарымен бөлісу үшін, оны өзімізде, Атырауда енгізуге бел будық. Одан кейін ересектер үшін кіріспе курс, және де балаларға арналған байқау сабағы өткізілді», - дейді жылдам оқыту және зердені дамыту жөніндегі сертификатты маман Нұргүл Дүйсеғалиева.

Мектепте жұмыс жасайтын екі педагог Ресей Федерациясының Челябі облысы Злотоуст қаласында IQ 007 Жылдам оқу және зердені дамыту мектебінде жаңа әдістемеге оқып келді. Олардың әрқайсысы бүгінде аталмыш мектептің сертификатталған маманы болып табылады.

Авторлық әдістеме барлық оқушылардың түрлі жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасы төрт жастан асқан балаларға, жеткіншектер мен ересектерге шақталған. Нұргүл Дүйсеғалиеваның айтуынша, жаңа әдістеменің басты басымдылығы клиенттермен диагностика жасалған соң әрбір оқушы үшін жеке оқыту бағдарламасы жасалатындығында.

Мектеп өсуді, дамуды қалайтын педагогтарды қосымша оқытуды және тағы бір филиал ашуды жоспарлап отыр. Ал болашақта Атырауда осындай білім беру орталықтарының желісін құрмақшы.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер