«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес жүргізуді жылдам да оңай үйрен!

2015 жылғы 16 Маусым
- Атырау облысы
14974 просмотров

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері Атырау тұрғындарына жеке істі ашу және тіркеу, бизнес-жоспар құру, нарықтық мүмкіндіктерге талдау жасау, заңдармен жұмыс жасау жолдарын және басқа да көптеген дүниелерді үйретеді.

Өңірде «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік бастамасы бар жандарды бизнес негіздеріне тегін оқыту жалғасуда. Бүгінде 156 адам оқып, сертификаттарға ие болған.       

Жоба Атырауда 25 мамырда бастау алды. «Бизнес-кеңесші» екі күндік семинарында тегін оқу – бұл ісін бастаушылар үшін де, әрекеттегі кәсіпкерлер үшін де тамаша мүмкіндік.

«Әрбір жедел-курс презентацияның заманауи әдістері мен технологияларын қолданумен тренингтер формасында өткізілді. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша семинарларда әрекеттегі кәсіпкер кәсіпкерліктің заңгерлік аспектілерімен танысады, қызметкерлерді, қаржыны басқаруға үйренеді, кәсіпкерлік психологиясын ұғынады. Семинарларда қаралатын бизнес-жобалар тыңдаушыларға тәжірибелік дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді. Бұл оқытуды жандандырып, қызығушылықты арттыра түседі. Материалды игеруде практикалық бизнес-ойындар да үлкен роль атқарды», - деп атайды бизнес-тренер Жұмажан Үмбетжанов.

«Семинар аса танымдық. Процесс тақырыптарға бөлінген және тәжірибемен нығайтылған. Ең бастысы, ертерек жоспарлап, барлық тәуекелдерді есептеу керектігін білдім. Бұл семинардан күткен нәтижеме қол жеткіздім. Әрбір тақырып бойынша егжей-тегжейлі талқыланған тәжірибелік сабақтар көп болды. Ол теорияны бекітуге көмектесті», - деп ісін бастаушы кәсіпкер Әнуар Пірімқұлов өз ойымен бөлісті.

Оқыту соңында барлық тыңдаушылар оқу материалдары мен курсты аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды. Барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп жатты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер