«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: «Нұрлы жол» - Қазақстанның экономикалық сынақтарға берген жауабы

2015 жылғы 17 Наурыз
- Атырау облысы
11685 просмотров

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Атырауда өткен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында шағын және орта бизнесте жүрген 800-ден астам компанияның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қаржылай қолдау көретінін хабарлады.

Тимур Құлыбаев хабарлағандай, 2014 жылы өңдеу өнеркәсібін қолдауға бөлінген 200 млрд. теңгеге қосымша 2015 жылы қосымша 100 млрд. теңге бөлінбекші.

50 млрд. шағын және орта бизнес саласында өңдеу өнеркәсібін кредиттеуді жалғастыруға бөлінді, онда оператор – «Даму» Қоры. 50 млрд. теңге – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ арқылы ірі бизнестің өңдеу жобаларын қаржыландыруға.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша, қолдау әрекеттегі кәсіпорындар мен экономиканы одан әрі дамыту арасында әртараптандырылады. Аталмыш қаржылай қолдау, жуықтағы 20 жылға жасалған болжам бойынша айналымдылықты ескере отырғанда, ШОБ субъектілерін жалпы 176,8 млрд. теңге сомасына қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл кезеңдегі қаржыландырылған кәсіпорындардың болжалды саны 800-ден астам компанияны құрауға тиіс.

- 2014 жылы бастау алған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы экономикалық жайсыздық жағдайында Қазақстанның экономикалық тәуекелдерге берген бағасы болды. Біз орталық деңгейде ахуалды қадағалай отырып, қаржы секторымен тұрақты байланыс жасап отырамыз. Осы аптада Ұлттық Банк Төрағасымен және екінші деңгейлі банктер басшыларымен кездесу жоспарланып отыр. Бұл кездесуде шағын және орта бизнес үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етумен байланысты барлық түйткілді мәселелелер айтылатын болады, - деп хабарлады Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер