«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Индустрияландыру картасын жүзеге асыру жөніндегі топ құрылады

2015 жылғы 17 Наурыз
- Атырау облысы
11622 просмотров

Ұлттық палата алаңында Индустрияландыру картасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оған ҚР Энергетика министрлігі, әкімдіктер, «ҚазМұнайГаз» АҚ, ірі жер қойнауларын пайдаланушылар өкілдері кіреді, деп хабарлады бүгін Атырауда өткен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

«Сонымен қатар Индустрияландыру картасы қатысушыларының «түйткілдер тізілімін» құруды және әрбір жобаны сүйемелдеуді тапсырамын. Отандық өндірушілерге заңнамалық негізде ұзақ мерзімдік келісім-шарттар ұсынуды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік сатып алулар және ұлттық компаниялар сатып алулары процедураларының ашықтығы қамтамасыз етілсін», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Отырыста сонымен қатар сатып алуларға тендерлерді, олардың ойларынша, арамза бәсекелестік әдісін қолданған компаниялар алған жағдайда қазақстандық тауарлар мен қызметтер жеткізушілерінде апелляция беру мүмкіндігі пайда болатыны жайлы хабар жеткізілді. Сонымен бірге бағаны түсіру жолымен.

«Кәсіпкерлер – бұл халықтың ең белсенді бөлігі. Бұл күн сайын шешім қабылдауға әдеттенген адамдар. Біздің міндетіміз – заңнамалық әрі жергілікті деңгейде оларға барынша көмектесу. Палатада адал ниетті жеткізушілер тізілімі құрылады. Адал жұмыс атқаратындарды, байқауларды орындау бойынша наразылығы жоқтарды сөзсіз қолдайтын боламыз. Оларды қорғап та қаламыз», - деп хабарлады Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер