«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Инвестор жер пайдалану құқығын үш жыл өткен соң әрең алды

2019 жылғы 23 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12828 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы

Инвестордың проблемасы бизнес-омбудсменнің араласуымен шешілді

«Жақсы тұз Петропавл» компаниясы мен Солтүстік Қазақстан облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы арасындағы жауыр болған проблема 2016 жылдың сәуір айында басталған еді. Сол кезде олар 25 жыл мерзімге жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасқан болатын, ол ас тұзын өндіру және қайта өңдеу зауытын одан әрі салудың негізі болуы тиіс еді.  Алайда, процесс үш жылға созылды…

2017 жылдың желтоқсан айында кәсіпкер СҚО әкімдігіне 23 860 га жер учаскесін 25 жыл мерзімге жалға алу туралы өтініш білдірді. Жарты жылдан кейін, 2018 жылдың сәуірінде жер комиссиясы тек 5000 га жерді 2 жыл мерзімге беру туралы шешім қабылдайды.

Уақытын жоғалтып, шығынға батқан кәсіпкер СҚО әкімдігінің әрекетсіздігін заңсыз деп тануды және және осы бұзышылықты жоюды сұрап, сотқа жүгінуге мәжбүр болды. СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 18 мамырдағы шешімімен «Жақсы тұз Петропавл» ЖШС-нің талап-арызы қанағаттандырылды. Алайда, белгілі бір уақытқа дейін СҚО әкімдігі сот шешімін орындау бойынша қандай да бір шаралар қолданбаған, жер толық көлемде (23 860 га) ұсынылмаған.

Ұзаққа созылған жағдайларға байланысты кәсіпкер жобаны іске асыруға және жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты орындауға уақытында кірісе алмады. Ол жергілікті атқарушы органдарға жер учаскесін пайдалануға беруді сұрап бірнеше өтініш жіберген, бірақ оның өтінішін қанағаттандырудан әр түрлі себептерге байланысты бас тартқан.

2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында омбудсмен Жол картасына енгізілген мәселені зерттеді. Облыстық әкімдікпен болған жағдайды талқылағаннан кейін әкімдікке тағы бір өтініш келіп түсті, бұл өтінішке қатысты жер комиссиясы қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Қазір кәсіпкер СҚО әкімдігінің 25 жыл мерзімге жер учаскесін толық көлемде (23 860 га) беру туралы қаулысын күтуде. Осылайша бизнес-омбудсменнің көмегімен кәсіпкердің проблемасы сәтті шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер