«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда үй ауласы мен егістік алқаптарын жасыл баққа айналдыра алатындай мүмкіндіктер бар

2019 жылғы 24 Сәуір
- Атырау облысы
3433 просмотров

Мүмкіндіктерді пайдалана білсек

Біз атыраулықтар жазда өңірімізді ауа-райы ыстық деп ренжиміз, алайда сол ыстық күнге жете алмай жүргендер бар. Мысалы бізбен шекаралас Ресейдің солтүстік аймақтары, немесе өз еліміздің солтүстік аймақтарын алайық, ондағы салқын климат көкөніс, жеміс өсіруге қолайсыздау. Мысалы, Беларусь жерінде жаңбыр, дегенмен, табиғаттың осы ерекшелігін дұрыс пайдаланған еңбекқор берарусь халқы егістік және мал шаруашылығын жолға қойған.  жақсы дамыған, халқы еңбекқор. Демек, әр өңірдің өзіне тін ерекшелігі, артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Атырау облысында қызанақ шаруашылығын дамытуға болады. Уақытылы суарып тұрса, құмды топырақта қызанақ жақсы піседі. Өндірістік мақсатта қызанақтардың ауқымды егістіктерінде піскен жемісті жергілікті сауда нүктелеріне: базар, дүкендерге өткізіп, тым пісіп кеткен, езілген жемістерді қайта өңдеуге: томат пастасы, кетчуп түрлерін өндіру болады. Осылайша көкөністің бір түрінен ғана өндірістің толық циклын құруға мүмкіндік бар.

Жақында Ресей Федерациясынан Свердловск (Екатеринбург) аймаңының кәсіпкерлері Атырауға келіп, (әрине өз пайдалары үшін) «Неге атыраулық кәсіпкерлер біздер үшін көкөніс пен бақша өнімдерін өндірмеске?» деп, ұсыныстарын білдірді. Мұндай жағдайда өнімдерін сатып алуға, жұмыс жасап отырған шаруалар үшін төлем ақыларын келісім шарттар негізінде алдын-ала төлейтіндіктеріне мүдделі екендіктерін айтты. Олар сатып алған өнімдерін өз елдерінде өңдеп, Ресейдің солтүстік аймақтарының сауда нүктерлеріне жеткізуді мақсат етуде. Картоп, қызылша немесе сәбіз өнімдерін аршып, жуып, қажетті мөлшермен бөлшектеп, вакуумдық тәсілмен тағамдық целлофан орауларына қаптап, нарық сұраныс бағасына сатуға дайын екендіктерін жеткізді. Көрші елдің қазіргі бұл кәсіптері туралы «Агроном грядкин» сайтынан танысуға болады.

Ал жаз бойы Атырау өңірінде ыстықтан көлеңке іздеп табу қиын. Сонымен бірге жаз уақыттарында табиғаттың берген  жылу температурасын да дұрыс пайдаланбаймыз. Өңірде +100С көлемінен жоғарғы ыстық мезгілінде белсенді оң температуралық мөлшері жаз айларында өте қолайлы және ол жинақы мөлшері 3740 бірлікке де барып қалады, бұл белсенді оң температура бірліктер басқа аймақтарда өзек сулары көп және олар пайдаланбай ағып жатқан өңір жоқтың қасы.

Қәзіргі уақытта өз деңгейінде дұрыс пайдаланбастан Каспий теңізіне кедергісіз Еділ өзені саласының өзектерінің арналары тектен-тек ағып жатыр, сонымен қатар Жылой өңірінде көп жылдан бері жер астынан жоғарғы қысыммен атқылап жатырған төменгі минерализациясы бар сулары мен мал шаруашылығы және балық тоғандарын ашып, пайдалансақ дұрыс болар еді. Осындай су қорларын тамшылап суару технологиясымен аймақтың агросекторын толық суармалы су көздерімен қамтуға әлеует бар.

Демек, Атырауда күріш өсіруге де ыңғайлы. Өңірге күріш өсіру бағытында Кеңес одағы кезеңінің соңы 90-шы жылдары Құрманғазы ауданында 2500 гектар жер алқабына орталықтан арнайы жоба жасақталып, ол аудан орталығында «Рисводстрой» атаулы ПМК арқылы қаржыландырылып, ирригациялық коммунакация салу жұмыстары жүргізілды. Кейбір күріш алқаптарындағы жұмыстар 95%-ға дейін орындалды. Алайда сол жердегі суару жүйесінің темір құбырлары сол жердің тұрғындардың көмегімен қолды болды, бетондалған су жүретін арнайы жүйелері жабайы түрде әліде бұзылу үстінде. Көршілес Астрахань облысында кәзір де 3500 гектар алқапта күріш өсірілуде, әр гектардан 60 центнер экспорттық әлеуеті зор таза күріш алынады, сол күріш өсу вегетациялық уақытта, ал күріш чектерінде тоған балықтарынын шабақтарында өсіріп алып үлгеріп отыр.  Көрші елдің бұл облысында шамамен  балық өсіретін 60 тоған жұмыс істейді.

Әрине ыстық бар жерде, су тапшылығы, қуаңшылық болып тұрады.  Жергілікті халық қуаңшылықтың зардабын жылма-жыл бастан өткеріп, көріп жүр. Сол ыстық ауы райы бұрындары кеңес уақытында да болды. Ыстық климатқа қарамастан  өңір диханшылары егістікте дәстүрлі әдіспен жұмыс жасап, жоспарлы өнімдер алушы еді. Мысалы статисткалық мәліметке жүгінсек, 1977 жылдары өңірден 200 тонна қарбыз және 100 тонна жуа өнімдері экспортқа шығарылған және ол уақыттарда кәзіргідей нарық баға қатынасы болған жоқ, мемлекетпен шектеулі бағамен тауар алмасу немесе оны сатуға ғана рұқсат беретін. Сонымен бірге өткен ғасырдың 90-шы жылдарында саяжай алқаптарын есептемегенде, шаруашылықтардың құрылымдары қосымша шаруашылық әдісімене өздері облыс бойынша 900 гектарға жуық көп жылдық жеміс-жидектер алқаптарын өсірлгендігін білеміз.

2018 жылдың 1 шілдесінде Атырау облысында 12,3 мың заңды тұлға тіркелген, оның 11,9 мыңы немесе 98%-ы – шағын кәсіпкерліктегі кәсіпорын. Мұнымен қоса, 7,8 мың шағын кәсіпорын жұмыс істеген, оның 3,9 мыңы – белсенді. Өңірдегі кәсіпкерлер 2018 жылдың бірінші жартысында ЕАЭО елдеріне 17,4 млн АҚШ долларына өнім экспорттаған, бірақ ынтымақтастық елдермен тауар айналымында экспорттың үлесі әлі де төмен, бар болғаны 13%-ды құрайды. Сондықтан өңірде импортты алмастырудың мүмкіндігі жоғары. Бұл үшін бизнесті дамытуда кедергілерді жою бағытында жұмыс істеу керек. Атырау облысы ҚР Ұлттық Экономика министрлгі жариялаған бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша ұлттық рейтингте 5-орында тұр.

Қазіргі кезде егістікте дәстүрлі әдістермен түрлі дақыл тұқымдарын егу жұмыстары ұмыт болып, тарихта жәдігер болып қалу қаупі бар. Атырау өңірінде суармалы егістіктері жүйелі түрде суландырылатын бағытпен жұмыс жасайды. Суармалы егістіктер үшін суды үнемдеу және оны тиімді пайдалану – ол егістікті тамшылатып суару тәсілі деп айтуға болады. Себебі Қазақстанның солтүстік немесе оңтүстік аймақтарында табиғи ылғалдықтың көптігінен, егістікті қолмен суармайды және қар мен жаңбыр немесе таудан өзінен-өзі ағып жатырған бұлақтарға көп шығын қажет емес. Ал біздің батыс аймақтар үшін суды өзек арналарынан құбырлар арқылы егістік алқаптарына апару керек және тамшылатып суару әдісін пайдалануға жоғарғы қысыммен құбырлар арқылы арнайы су тазалағыш механикалық және мембрандық тұндыру сүзгіштерінен өткізу қажет. Мұның бәрі қосымша шығын. Егістікті тамшылатып суару үшін арнайы тамшылату ленталары болады. Олар біржылдық немесе көпжылдық болып келеді. Бұл құралдарды біздің кәсіпкерлер осы күнге дейін Ресей, Қытай, Израиль, Иран немесе Түркия мемлекеттерінен қымбат бағамен немесе солардың делдалдарынан екі есе артық бағасына сатып алып отыр.

Осылардың бәрін сараптай келе біздің кәсіпкерлер палатасының қолдауымен және ауылшаруашылығы мамандарының сұраныстарына сәйкес «ШевронМұнайгазИнк» әлемдік компаниясымен бірлесіп «Атыраудағы құбырлар жүйелері және полиэтилен  құбырларын жасау зауытында» егістікті тамшылатып суаруға көп жылдық 16 мм диаметрлі бітеу полиэтилен құбырларын алғашқы болып өңірде жасап шығару жөнінде келісімге қол жеткіздік.

 Бұл құбырларды көп жылдық мерзімге пайдалануға болады және жоғарыда аталған шет мемлекеттерден сатып алып отырған тамшылатып суару құбырларына қарағанда арзан, мықты. Бітеу полиэтилен тұрбаларына қажетті жерінен тамшылату «дриперлерін» кондырып алуға болады. Ол дриперлері де көп жыл бойы пайдалануға жарамды. Атырау қаласынан шығатын тамшылатып суару құбырларының сапасына аса көңіл бөлінді. Шетелден келетін 16 мм тұрба құбырларымен салыстырғанда біздің зауытта жасалатын құбырлар әр дақыл өсімдікке сәйкесінше болып, көп жыл бойы пайдалануға шыдамды, құны жарты бағасына арзан болуын жоспарланған. отырмыз. Зауыттан шыққан құбырларға тапсырыс көп болса бағасы да неғұрлым арзан болатынына  өндірушілер сендірді. Қазіргі уақытта  шамамен 1 метр тұрбаның құны – 65 теңге шамасында жоспарлануда. Ал біздің кәсіпкерлер олардың әрбір 1 метрін (жол шығындарын есептемеген) басқа елдерден 120 теңгеге сатып алып отырды. Жылма жыл облыс кәсіпкерлері шамамен1 млрд теңгеге жуық қаражатты шетел экономикасын дамытуға шығындап отырғанын өкінішті.  Мысалы, 2018 жылдың қаңтар-маусымында Атырау облысында импорт пен экспорттың көлемі: импорт – 17,4 млн АҚШ долларын құраса, экспорт – 123,8 млн АҚШ долларын құраған.

Осы тамшылатып суару жүйелерін сатып алу мақсатында және оларды жылма жыл сатып алу үшін бюджеттен субсидиялар арқылы қыруар қаражаттар шығындалады. Ал біздің өңірден шығатын тамшылатып сару құрбыларын сатып алып, егістікке іске пайдаланған жағдайда, алғашқы жылы субсидия төленеді. Ал келесі жылдары оған субсидияда, ол құбырларды қайтадан сатып алудыңда қажеті жоқ. Бұл құрбыларды жер телімі бар тұрғын үйлердің аула немесе аула маңы көше бойларына, тұрғын үй аймақтарына орнатып үйге келіп тұрған суға қосып, өсімдіктердің түбіне апарып, қажетті түрлі сағатына 2-і, 4 және 6 литр немесе су ағатын арнай сағатына 50 литрге дейін су беретін реттеуші «дриперлерін» бітеу тамшылату құбырына орнатып, аула ішінде бау-бақшалармен, жеміс-жидек дақылдарын өсіруге болады және бұл «дриперлері» бітеліп калмайды. Бітеліп қалып жатса құбыр бойын және оны да шайып, сол су тамшылайтын «дриперлерін» ағытып алып қайтадан орнатуға болады, су егістік тамырына беріледі, су бармаған жерге арам шөптерде өспейді және егістікі суару крантын суды құю және оны тыюдан басқа ауыр  жұмыс істемей тұрғын үй аула ішін немесе аула маңы көше бойларына көгалдандырып қоюға болады және де Атыраудың жас кәсіпкердің ізденісімен алғашқы болып шетелдің әдісімен шығарылатын фертификациялық қондырғысы арқылы егістікке берілетін минералды тынайтқышын тиімді және өлшемді көлемінде беруге болады. Суды да, тынайтқыштыда және уақытты да үнемдеп бау-бақшаның нәпақасын аз шығынмен көру деген осы.

Білікті бағбанның жемісі ерте піседі

Атырау қаласының жері бұрынғы теңіз табаны болғандықтан қазіргі кезде де кейбір жерлерде жаңбырдан соң тұзды сортақ көлшіктер молынан пайда болады. Мысалға, австриялық Зепп Хольцер атты ботаник өз елінде теңіз денгейінен 1500 метр биіктікте суптропикалық дақылдарын өсіріп, өнім алып жатқанын білдік. Ол туралы ютуб сайтынан салалық әңгімесімен, кітабымен танысуға болады. З.Хольцер тәсілі бойынша ойпаттау жерлерді траншея ретінде қазып, ол шұңқырларға ескі терек кесінділерін немесе ағаш кесінді, картон тағы басқа қажеті жоқ органикалық және кепкен шөптер қалдықтарын топырақпен араластырып көмеді. Осылайша үйілген үйінді үстіне жеміс ағаш көшеттері отырғызылып, тамшылату тәсілімен суарылады. Бұл егілген көшеттердің жақсы бейімделіп өсіп кетуіне, топырақ астындағы көмілген пайдалы қалдықтардың салқын уақытта биологиялық үдерістермен органикалық ыдырауы арқылы жердің құнарлануына және топырақтың белсенді оң тепмературасына әкеледі. Көмілген ағаш кесінділері мен жаңқалары, қабықтары артық суды өз бойларына сорып алып, ылғал қорын жасайды. Қуаңшылық сәтте көшеттер тамыры үйіндінің ішіндегі ағаш калдықтары ылғалынан қоректенеді. Осылайша көмілген ағаш қалдықтары шіріп, құнарлы органикалық тыңайтқышқа айналады және сол үйіндімен бірге қажет емес темір қалдықтары көмілсе алма немесе басқа жеміс ағаштары өнімдерінде денсаулыққа қажетті темір дәрумендері молынан болуына ықпал етеді. Сонымен бірге осы әдіске «Метлайдер» тәсілімен аз алқапты көп өнім алуға және онымен интернет жүйесінен танысуға болады, бүл да тұзды сортан жерлерде аула ішінде көкөніс бақша өнімдерін өсіруге ыңғайлы тәсіл екенін білген жөн.

 Ал енді «көшеттердің қандай түрін және қайдан аламыз?» деген сұраққа берер кеңесіміз, жергілікті жеміс ағаш тәлімбақтан немесе біздің аймақтан жоғары тұратын солтүстік салқындау аймақтардан алған дұрыс. Өсімдіктер әлемінде жағырафиялық белдеу ендігі деген түсінік бар, ол бойынша біздің аймақ 47-48 жағырафиялық белдеу ендігінде  орналасқан, біздің аймаққа тиімді Беларусь, Польша, Италия елдерінің көшеттерін алған жөн. Себебі, бұл аймақтардағы жеміс ағаш түрлі көшеттерін өсіретін тәлімбақтарда көптеген жұқпалы вирустық ауруларға төзімді көшеттер өсіріледі. Көшеттерді арнай питомниктерден сертификатталған құжаттарымен алсындар, олардың көптеген аурулардан қорғалу қасиеттері жоғары және өніміде мардымды болуына сенімді боласыз. Сонымен бірге бұл көшеттердің ертең үлкен болып өскенде де тамырлары көп тереңге өспейді және біздің өңірге де керегі сол, тамырлары топырақтың тереңіне кетіп, ащы суға барып қалмауларына жақсы кедергі, сондықтан кәзіргі пайдаланыстағы интенсивтік алма бақтарында, теректер алманың салмағы және жойқын желден құлап қалмау үшін «шпалер» көмінді тіректерін пайдаланады. Мысалға, сапалы көшеттеріне М9 интенсивтік, М26 орта бойшан және 109 жоғары бойшан жеміс ағаштамыр подвойларын арнайы аналық жатынды түрлерін таңдап пайдалынады және подвойдың түрлері де көп. Ал біздің базарларда оңтүстік аймақтарынан келіп сатылатын «жабайы» селекциялык жеміс ағаштары жылы жақтан келгендіктен, қыс уақыттарында дұрыс бейімделмейді, себебі көшеттер немесе терек ағаштарының тамырлары қыс бойы ұйықтамайды, олардың тамырларына ылғалдық қажет, ал енді біздің ызғарлы аяздары олар үшін қолайсыз болып келеді. Сонымен бірге оңтүстік аймақтан келген жүзім көшеттері біздің аймақта жақсы бейімделеді себебі, олардың көп түрлері қыста топырақ немесе басқа арнайы жабындылармен көмілулері қажет. Осылай бірер жыл ішінде өз аулаңызбен егістік алқаптарында органикалық табиғи жеміс ағаштарын өсіріп, жаз бойы отбасыңызбен экологиялық таза өнімдер тұтынуға және артығын кептіріп алуға немесе сауда-саттыққа шығарып, пайда табуға болады. Қыс мерзімінде жаз бойы кептіріп алған құрғақ жемістерден компот сусындарын немесе басқада өнімдер дайындасаңыздар, отбасы денсаулығы үшін пайдалы болмақ.

Сусын демекші қазіргі уақытта сауда-саттықта сатылатын «juice» немесе басқада сусындарға жазда шыбын қонғанын көрдіңіздер ме?! Ал нағыз экологиялық таза алма – ол құрт түскен алма деп айтылатын кеңес бар екендігін білесіздер. Кәзірдің өзінде бірнеше шаруашылықтар Беларусь мемлекетінің арнай тәлімбақтарынан алма қөшеттерін алып, өсіріп жақсы өнімдер алып отырған тұлғалар да баршылық, алайда олардың қатарлары көп болғанын қалаймыз.

Жер шары бойынша аталған жағрафиялық 47-48 белдеу ендігінде  климаттық жағдайлары бірдей емес, оған рельефтің таулы немесе шөл аймақтар ауа-райы әртүрлі болып келеді, соның ішінде таулы жерлерде бұлттар тұрақтап жамбыр мен кар мөлшерін өсіп, топырақта ылғал көбейген жағдайда ол аймаққа суптропикалық климатқа айналады.

Мысалға Беларусьта  өсетін голубика көп жылдық жидек арнайы топарақ қышқылдығы РН 4-5 мөлшерінен аспайтын «торфта» өсетін өсімдік. Түркиялық кәсіпкерлер автокөліктерімен біздің үстімізден сол арнай топырақ «торфтарын» тасып мұхит жағасында туризм дамыған аймақтарында өсіруді немесе грузиялық кәсіпкерлері бұрыңғы шай өсімдіктерін өсіретін алқаптарын тұгелімен жыртып тастап, осы денсаулыққа шипалы адам ағзасындағы оксидантқа қарсы голубика өсімдігін өзі бір ғасыр бойы жеміс беретін тал-шілік өсімдіктерін өсіруді қолға алып жатыр, оның денсаулыққа қасиетін интернеттен білуге болады, ал дәмін тату үшін «Насиха» базарында 125 грамм жидегін 1,5 мың теңгеге алуға болады, ал оның 1 кг мөлшері бірнеше кг жылқы етімен қазы бағасын қымбат құрайтынын түсіне берген абзал. Аталған оксидантқа қарсы өсімдіктің бірнеше көшеттерін Белоруссиядан алдыртып гүлдер вазаларында көп қабатты үйдің терезелер алдында өсіріп отырған жағдай бар және осы жылың жазында егістік алқапқа шығарып үлкендеу ыдысқа дүкенде сатылатын «торф» топырақтарына өсіруге және қыс уақытында оны жабынды тұрінде немесе ыдысымен бірге ықтын жерде сақтауға осы мақаланың авторының жоспарлары бар екендігін айтуға болады.

Осылайша өзіміздің өңірде өндірілетін жеміс ағаштарын өсіріп, жидектердің импорт көлемін азайтып немесе басқада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп табиғи өнімдерді жыл бойы тұтынуға жағдай бар. Жеміс-жидек ағаштарын егу жұмыстарын және әр аулада немесе көптеген шаруашылықтар өз аймағында жемістік ағаштар ексе «Атадан мал қалмаса да – мұраға тал еккен дұрыс» деген дуалы сөзі бар. Сол өзіміз еккен жеміс – жидек өнімдерінің пайдасын түсінсек, импорттық бау-бақша тауарларынсыз да күн көруге болатыны анық. Қазіргі заманда қылтима мен бөлме терезесі алдына да құлпынай, лимон, авакадо өзге де жемістер өсіріп, пайда тауып отырған жандар бар екенін интернеттен оқып жүрміз.  Соларға тек тамсанып қана қоймай, олардан үлгі алып, соларды қайталауға әрекет жасайтын жандар болашақта үлкен істерге қол жеткізеді. Ертеңгі жетістік бүгінгі табалдырықтан аттап жасаған қадамыңызға байланысты болмақ. Өзімізді жетілдіру арқылы, іс әрекетіміз арқылы, жаңалықты меңгеруіміз арқылы өңір экономикасының алға басуына да үлес қосамыз, дені сау ұрпақ өсіруге де ат салысамыз.

Осы жылдың басында облыс әкімшілігімен бірлесіп, Атырау облысы Кәсіпкерлік палатасының күшімен аяқталған экономикалық скриниг қорытындысының мәліметі бойынша, өңірге шет мемлекеттерінен импортталған тек қана алма көлемі қаражат есебімен 816,5 млн теңге құрап отыр, демек біздер осы көлем қаражатқа шетел мемлекетіне инвестиция салып отырмыз деп есептеуге болады, ол алма көлемінің облыста есепті мерзімінде өзімізде өндірілген 107 тонна көлемін есептемегенде, әлі де облысқа нормативтік қажеттілігін 30,3 мың тонна құрайды. Өңірге келген шет мемлекеті кәсіпкерлері өздерінде өскен уақытта алмаға құрттар тұспеуге, алқаптың өнімділігін арттыру үшін және оны қымбат бағамен сату мақсатында ұзақ мерзімінде сақтау үшін қандай улы препараттармен пайдаланғындығы бізге беймәлім.  

 Сонымен бірге осы жылы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыбындағы ұлтымыздың тарихи жаңғыру және еліміздің табиғат байлығын кеңінен халықтың денсаулығы үшін сапалы тағамдар тұтынуға және өңірімізді жасыл баққа айналдыруға мүмкіндіктерміз бар. Алайда нарықтық саясатта қалыптасқан жағдайларды түзеу үшін және климаттық табиғат мүмкіндіктерді жүзеге асыруға өзіміз атсалысып ауламызда немесе шаруашылықтар алқаптарында жеміс-жидек ағаштары мен көкөніс, бау-бақшаларын өсіру – отбасымызға да, отанымызға да пайда әкелетінін түсінейік.

Серік Сәрсекенов,
Атырау облысының Кәсіпкерлер
палатасы директорының Ауыл шаруашылығы мәселелері
жөніндегі орынбасары
 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер