«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қар тазалау қызметінің төлемі қайтарылады

2017 жылғы 25 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
6237 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы іске араласқаннан кейін кәсіпкер мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын арасындағы мәселе шешілді

Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік коммуналдық қызмет облыстағы қар тазалайтын кәсіпорынға 3 миллион теңгеге жуық қаражат берешек болған.

ШҚО Үржар ауданы әкімдігі Үржар ауданы» МКК мен «Валентина» шаруа қожалығы Үржар ауданындағы елдімекен жолдарындағы қарды тазарту туралы келісімшарт жасаған. Шартта келісілген жұмыс толық аяқталғанымен бас мердігер қосалқы мердігерге төлем жүргізбеген. Нақты айтар болсақ, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын – тапсырыс беруші әрі бас мердігер, ал шаруа қожалығы – қосалқы мердігер.

Төлем кешіктірілген соң шаруа қожалығының басшысы уақыт өткізбестен Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

«Келісімшарттағы тиісті міндеттеме орындалғаннан кейін орындаушы тапсырыс берушінің мекенжайына атқарылған жұмыстың тиісті актілерін жолдаған. Алайда актілерге қол қойылып, жұмысты қабылдап алғаннан кейін тапсырыс беруші тиісті қаражатты аудармаған, яғни ақысы төлемеген», - деп түсіндірді ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің сарапшысы Исатай Қайырғазы.

Сонымен қатар атқарылған іске ешқандай шағым да түсірмеген.

«Коммуналдық кәсіпорын келісімшартты бұза отырып, белгісіз себеппен түгел орындалған істің төлемін толықтай өтегісі келмеді», - дейді шаруа қожалығының басшысы Владимир Видлер.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері консультативтік көмек беріп, ШҚО ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотта шаруа қожалығының мүддесін қорғады. Талап арызы бойынша 2 773 005 теңге қарызы өтелді.

Сотта «Валентина» шаруа қожалығы мен «ШҚО Үржар ауданы әкімдігі Үржар ауданы» МКК арасында екі тарапқа да ыңғайлы медиация тәртібінде дауды реттеудің бейбіт келісімі жасалды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер