«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік мекеме қуынымынан бас тартылсын!

2015 жылғы 09 Қараша
- Шымкент қаласы
11350 просмотров

Сот оңтүстік-қазақстандық кәсіпкер пайдасына осындай шешім қабылдады

Шымкенттік «Хан Асыл» компаниясы үстіміздегі жылдың сәуір айында медицина мекемесіне сиыр етін жеткізуге мемлекеттік сатып алулар жеңімпазы атанды. Кәсіпкер «Облыстық психо-неврологиялық диспансер» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады. Бірақ кәсіпкер диспансерге тауар жеткізген кезде, мемлекеттік мекеме 370 келіден 106 келіні ғана қабылдап, қалған 264 келіден бас тартады. Тапсырыс беруші, жеткізушінің байқау шарттары талап еткендей 1 санатты етті әкелгеніне сендіргеніне қарамастан, ет майлылығының төмендігіне қанағаттанбай отыр. Бұл үстіміздегі жылдың 4 қыркүйегінде орын алған еді.

5 күн өткен соң облыстық психо-неврологиялық диспансер кәсіпкер атына 9 қыркүйектен бастап шартты бір жақты бұзу туралы хат жолдайды. Бір күн өткен соң, яғни 10 қыркүйекте, «Хан Асыл» ЖШС 380 келі ет жеткізеді, алайда диспансер тауарды қайтадан қабылдамайды. Бірақ ол кезде ешқандай да құжат ресімделмейді. Аталмыш дерек бойынша кәсіпкер мобильдік топқа қоңырау шалуға мәжбүр болады.

Әл-Фараби ауданының кезекші прокуроры Б.Тұяқбаев пен ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ахат Сыздықтан тұратын мобильдік топ келіп жетеді. Олар облыстық психо-неврологиялық диспансердің қажет тауарға ілеспе құжаттардың түгел болуына қарамастан, жеткізілген етті қабылдаудан бас тартқанын белгілеп, акт жасайды. Мемлекеттік мекеме бұған қарамастан, сотқа шартты бұзу және 121 800 теңге сомасындағы тұрақсыздық айыбын өндіру туралы қуыным ұсынады. «Хан Асыл» шартты бұзу туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы қарсы қуыным береді.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары сот отырысына қатысты. Процесс барысында кәсіпкерлік субъектісінің 2015 жылғы сәуір айы мен тамыз айы аралығында 1 санатты етті уақытында жеткізіп тұрғаны анықталады. Тамыз айында диспансер 1 425 келі тауарды жеткізуге өтінім береді. Жөнелтпе құжатқа сәйкес, кәсіпкер тамыз айында етті айтылған мөлшерде, яғни 1 425 келі етіп жеткізеді.

Тапсырыс беруші 774 келіге қосымша өтінім беріп, жеткізушінің көрсетілген етті жеткізе алмағанын дәлелдей алмады. 

Сонымен қатар, сот мемлекеттік мекеменің «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңында және ҚР Азаматтық кодексінде көзделген мемлекеттік сатып алулар туралы шартты бұзуына алғышарт таппады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 23 қазандағы шешімімен «Облыстық психо-неврологиялық диспансер» КММ «Хан Асыл» ЖШС-мен жасалған шартын бұзуы жарамсыз деп танылып, диспансердің жеткізушімен шартты бұзу және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы қуынымынан бас тартылды.

«Хан Асыл» фирмасы палатаға алғаш рет жүгініп отырған жоқ. Былтырғы жылы Палата сарапшылары оны мемекеттік сатып алулар туралы заңнаманы өрескел бұзған «Балықшы» туберкулезге қарсы шипажайының бас дәрігері Алқатай Ошақбаевтың өктемдігінен қорғап қалған еді. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер