«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Банктермен соттасу қиын…

2015 жылғы 09 Қыркүйек
9452 просмотров

Бірақ соттасуға болады! Кәсіпкерлер палатасы мұны тағы бір рет айқын дәлелдеді

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына «Интергазстрой» АҚ бас директоры Алтыншаш Қуанышалиева Орал қаласындағы «АТФ Банк» АҚ филиалымен арадағы сот дауын шешіп беруде көмек сұрап жүгінді.

Бұл дау компанияның банк алдындағы кредиттік міндеттемесінің салдарынан туындаған еді. «Интергазстрой» АҚ бұрынғы басшысы Болат Сәрсенов ол бойынша кепіл беруші болады. Негізгі кредиттік міндеттемеге 2013 жылғы қосымша келісім шарттары бойынша, «АТФ Банк» АҚ алдындағы қарыз үлестік тәртіпте жабылуға тиіс болған: «Интергазстрой» АҚ - 209 млн. теңге және Болат Сәрсенов - 41 млн. теңге.

Қылмыстық тергеу органдары Болат Сәрсеновке қатысты материалдық құндылықты ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, ол тергелуде. Сондықтан да ұйымның жаңа басшылығы бұрынғы басшының келтірген материалдық залалының орнын толтыру үшін оны аталмыш келісім бойынша кепіл беруші ретінде тартуды қажет деп санаған.

Компания 209 млн теңгені төлеу бойынша банк алдындағы өз міндеттемесін толық орындаған, ал Болат Сәрсенов кредит төлеуден жалтарып жүр. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, қарызгердің мүлікке құқығын жоғалтпауы үшін (кредит беруші қарызгерден төлемегені үшін осы мүлікті өндіруге құқылы), компания басшылығы экс-басшы үшін кредиттік міндеттемені орындауға шешім қабылдайды. Аталмыш қарыздың 6,5 млн теңге мөлшеріндегі бірінші бөлігін банк қабылдады.

Алайда осыдан кейін банктен тараптар қол жеткізген кредиттік келісімді бір жақты тәртіпте бұзу туралы хабарлама келіп түседі. Банк негіздеме ретінде Болат Сәрсеновтың кредиттік міндеттемесін орындамауын желеуретеді. Осылайша, банк Азаматтық кодексте белгіленген тәртіпті бұзумен қосымша келісімді бұзып, 2002 және 2006 жылдардағы шекті келісімдер бойынша мерзімі өтіп кеткен қарызды жабуды талап етті. Ол қарыз айыппұлдар мен өсімпұлдарды қосқанда 3 197882,24 долларды құрайды. Банк «Интергазстрой» АҚ төлеген 6,5 млн теңгені мүлде жоқ міндеттемелер бойынша төлем шотына қабылдады (бұл төлемнің нысаналы мақсаты Болат Сәрсеновтың қарызын өтеу болып табылады).

БҚО Кәсіпкерлер палатасы құқықтық блогының сарапшылары «Интергазстрой» АҚ ұсынған материалдармен танысып шығып, оларға талап мәнін өзгертуде және банктің қарсы талабына қарсылық даярлауға құқықтық көмек көрсетті, сонымен қатар сот процесінің өн бойында сүйемелдеп отырды.

Сот ісінің қорытындысы бойынша бірінші саты соты «Интергазстрой» АҚ мәлімдеген талап арызды толық қанағаттандыру туралы шешім шығарып, банкті 6,5 млн теңгені компанияның бұрынғы басшылығының міндеттемесін өтеу есебіне қабылдауға міндеттеді. Сонымен бірге, «АТФБанк» АҚ қосымша кредит келісімін бұзу туралы қарсы талабын сот қабылдамады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер